Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет108/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Сәрсембина Қ.
Қызыл қырғын: [1930 жылдардағы саяси репрессиялар 
туралы] / Қ. Сәрсембина // Астана ақшамы. - 2012. - 31 мамыр. 
Тәшенов Т.
16 жол өлеңі үшін 18 жыл азапта болған: [белгілі өнер 
қайраткері, актер, ақын Қазақстанның халық артисі Шахан Мусин (1913-
1999) туралы] / Т. Тәшенов // Айқын. - 2012. - 31 мамыр. 
 
1 маусым - Халықаралық 
балаларды қорғау күні 
Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, 
ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде 
шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер 
федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы халықаралық 
балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер 
кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз 
қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа 
бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор 
міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Айтулы мерекеде 
елімізде балаларға арналған концерттік бағдарламалар, түрлі сахналық 
қойылымдар ұйымдастырылады. Көрсетілетін барлық шаралар тек 
балалар үшін. Барлығы жарасымды. Саябақтар да мереке күні балаларды 
ерекше ілтипатпен құшақ жая қарсы алады. Саябақтың дәл ортасында 
орналасқан су бұрқақ, балалар ойнайтын алаңқай, су шашылып, тазаланған 
жасыл аллеялар мен сырланған орындықтар халықтың тынысын ашқандай 
әсер қалдырады. Осындай таза аудан бейнесімен сәбидің таза күлкісімен 
үндескен саябақтағы мерекеде балаларға қайырымдылық қорының 
ұйымдастырған «тәтті үстелден» тегін тәттілер және сыйлықтар жиынтығы 
таратылады. Осы мерекеде өнерлі балалардың өнерін тамашалап, спорт 


90 
жарыстарын өткізіп, асфальтқа «Менің бақытты балалық шағым» деген 
тақырыпта сурет салудан жарыстар өткізіледі. Дегенмен бұл атаулы күн 
балалардың көңілін көтеретін мереке ғана емес, қоғамда балалардың 
құқықтарының сақталуы мен оларға тиісті жағдай жасау қажеттігін еске 
түсіретіндігімен де маңызды. Бүгінде елімізде 18 жасқа дейінгі 
жасөспірімдердің саны 3 миллионнан асады. Мемлекет халықтың осы бір 
бөлігіне баса назар аудару үшін, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1994- жылы 
балалар құқығы туралы конвенцияға қол қойды. 
Осы мерекеде балаларға Конвенцияда қарастырылған құқықтары 
жөнінде түсіндіру мақсатында мектепте түрлі көпшілік жұмыстар өткізуге 
болады: бастауыш сынып оқушыларына «Жақсыдан үйрен, жаманнан 
жирен» атты Ы.Алтынсаринның әңгімелері бойынша ертеңгілік, орта буын 
оқушыларына «Сен және сенің құқықтарың» атты сұрақ-жауап кеші, жоғары 
сынып оқушыларына «Адам және заң» атты ішкі істер органы, заң 
қызметкерлерімен әңгіме, сұрақ-жауап, видеосюжеттер арқылы кездесу 
кешін өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет