98
халықаралық ғылым академиясының академигi болып сайланды. 2001-2004
жж. Т.Рысқұлов атындағы Қазақтың экономикалық университетiнiң
проректоры болды.
2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Кен Барлау» АҚ бас
директорының кеңесшісі, «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директорының
кеңесшісі. 2007 жылдың қазанынан - Маңғыстау облысы әкімі жанындағы
Ардагерлер Кеңесінің төрағасы. 2013 жылғы наурыз айынан бастап
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің
төрағасы.
50-ден астам ғылыми жарияланымның және бірнеше кітаптың авторы..
Ө.Озғанбаев ғылымға сiңiрген еңбегi ескерiлiп үкiмет наградаларымен
марапатталды
«Құрмет» орденімен, 8 медальмен марапатталған,
Бiлiм беру
саласындағы еңбегi үшiн Түркiменстан, Қазақстан Республикаларының және
КСРО халыққа бiлiм беру iсiнiң үздiгi және Қазақстанның еңбек сiңiрген
қызметкерi атақтарына ие болды. АҚШ-тағы Техас штатының құрметтi
азаматы.
«Жұртшылық бала тәрбиесiнде», «Тоғысқан тағдырлар түбегi», «Дәуiр
бел-белестерiнде», «Халықтан асқан ұстаз жоқ», «Халық қалаулылары»,
«Ресей Мемлекеттiк Думасы және Қазақстан», «Қара нар керек бұл iске» т.б.
кiтаптардың және елуден астам ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.
Достарыңызбен бөлісу: