95
5 маусым - Дүниежүзілік тіршілік өрісін қорғау күні –
Экологтар күні
Қазақстанда 5 маусым Дүниежізілік тіршілік өрісін қорғау күні. Бұл күн
Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғарымы бойынша қабылданған. Бұл күні
табиғатты қорғау мәселесіне байланысты 1972 жылы Стокгольмда БҰҰ
Конференциясы ашылған. Бұл конференцияда 26 ұстанымнан тұратын, бүкіл
мемлекеттер табиғат қорғау саласында пайдаланатын Декларация
қабылданды.
Дүниежізілік тіршілік өрісін қорғау күні
қоршаған ортаны қорғау
проблемаларын көтеру, экологиялық мәселелер және барлық мемлекеттердің,
халықтың назарын осы мәселеге аудару болып табылады.
Жыл сайын Дүниежізілік тіршілік өрісін қорғау күнінің девизі
тағайындалып, іс-шаралар сол шеңберде өткізіледі. Осы күн
аясында
Қазақстанда экологтар күні өткізіледі.
Бұл күні барлық жерде экологиялық насихат шаралары өткізіліп,
көшеде табиғат қорғауға арналған митингтер, концерттер, «жасыл шерулер»,
велосипедшілер жарыстар, ағаштар, гүл егу,
көшелер мен аулаларды
қоқыстан тазарту науқаны өткізіледі.
Мектеп
оқушыларына
табиғи
ортаға
деген
сүйіспеншілік
қалыптастырып, оны қорғауға деген жауапкешілігін арттыру, экологиялық
ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Аяласан – табиғатты аяла» атты әдеби-
музыкалық
кездесу
кешін
өткізуге
болады.
Көрнекілік
ретінде
бейнепроектор, музыка жазылған үнтаспаларды қолдану керек.
Сабақта
табиғат туралы нақыл сөздерді, табиғат бейнеленген суреттер, гүлдер,
экологиялық аймақтар:
Семей қаласын, Арал және Қазақстандағы демалыс
орындарын слайдттар арқылы көрсетуге болады. Ядролық жарыстан кейінгі
балалардың басына түскен қасіреттерден көріністер көрсетіледі. Бұл сабақтар
оқушылардың өз Отанына деген отангерлік көзқарас қалыптастырады,
«экология» мәселесіне үн қосуға итермелейді.
Достарыңызбен бөлісу: