90 жыл
15.16.1926-
24.11.1990
.
Арғынов ХасенҚуандықұлы 1926 жылдың 15 маусымында бұрынғы
Семей облысының Бесқарағай ауданы, Өндiрiс ауылында дүниеге келдi.
1951
жылы
Семейдiң
Н.К.Крупская
атындағы
педагогикалық
институтының тiл және әдебиет факультетiн бiтiргеннен кейiн алғашқыда
Көкшетау облысы, Зерендi ауданында Айдабол поселкесiндегi орта мектепте,
кейiн Жамбыл облысы, Луговой станциясындағы орта мектепте мұғалiм
болып қызмет iстейдi. 1958-1963 жылдары «Қазақ тiлi және әдебиетi»,
«Қазақстан мектебi» журналында бөлiм меңгерушiсi қызметiн атқарады.
1961-1963 жж. Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының
аспиранты болды. 1971 жылы «Қазақ тiлiнiң пунктуациясын және
синтаксисiн оқытудың ғылыми негiздерi» деген тақырыпта педагогика
ғылымының докторы дәрежесiн қорғады. Оған 1976 жылы профессор атағы
берiлдi. 1976 жылдан өмiрiнiң соңына дейiн Киров атындағы Қазақ
мемлекеттiк университетiнiң педагогика және психология кафедрасының
1980 ж. бастап педагогика кафедрасы болып өзгертiлдi
меңгерушiсi
қызметiн атқарды.
Ұлттық мектептерде қазақ тiлiн оқыту методикасымен және республика
педагогикалық ғылымының даму мәселелерiмен айналысады. Бiрнеше
оқулықтардың, методикалық нұсқаулардың, оқулық құралдардың, көрнектi
кестелердiң, қазақ тiлiндегi диктанттардың жинағының авторы.
Халық ағарту iсi мен педагогика ғылымын дамытудағы көп жылғы мiнсiз
қызметi үшiн «Құрмет белгiсi» орденiмен, КСРО Жоғары Кеңесінің Құрмет
грамотасымен, көптеген медальдармен, КСРО және Қазақ КСР халық ағарту
iсiнiң озаты белгiлерiмен марапатталды.
ӘДЕБИЕТТЕР: Арғынов Х.К. т.б. Ана тiлi: Төрт жылдық бастауыш мектептiң үшiншi
класына арналған оқулық /Х.К.Арғынов. – Алматы: Мектеп, 1988. – 223 б.