Байланысты: аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы
4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні 2007 жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні деп
белгіленген. Жыл сайын еліміз осы мерекені ауқымды атап өтуде, біз
еліміздің Мемлекеттік рәміздеріне - Ту, Елтаңба және Әнұранға ерекше
құрмет көрсетеміз.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран
мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын
сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы
аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші
Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді.
Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші
Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі
болып табылады.
1992 жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс
жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев,
Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди.
2006 жылғы қаңтардың 6-да Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан
Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»
әні Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны болып бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер туралы конституциялық заңда «ҚР азаматтары,
сондай-ақ республика аумағындағы тұлғалар Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс» деп белгіленген.
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны болады. Қазақстан Республикасының әнұраны бірлікке, ынтымаққа,
жастарды қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға
шақырады.Осы мерекеге байланысты оқушылардың арасында «Рәміздерім-
елдігімнің белгісі» атты сайыс сабағын, «Мемлекеттік рәміздер» кітап
93
көрмесін, «Өз Мемлекетінің рәміздерін білесің бе?» атты сайыс
ұйымдастыруға болады.