111
жылдары «Ақ жол» газетiнде қызмет iстейдi. 1928-1930 жылдары Орта-Азия
мемлекеттiк университетiнiң
САГУ
аспиранты болып, әрi осы
университетте және Түркiстан әскери училищесiнде қазақ тiлiнен сабақ
бередi.
1930 жылы саяси репрессияның алғашқы толқынында «ұлтшыл» деген
атпен Алматы абақтысында отырады. 1932 жылы саяси тұтқын ретiнде
Украинаға жер аударылады. Одан 1935 жылы босатылып, Омбының
Шарбақкөл ауданында ауруханада дәрiгер болып қызмет iстейдi. 1937 жылы
тамызда қайта ұсталып, 21 қарашада Омбы қаласында атылады. 1957 жылы
ақталған.
Қ.Кемеңгеров тарих, әдебиеттану, тiлтану, этнография, көркем аударма
т.б. мәселелер бойынша қалам тербеген. 1924 ж. Мәскеуде «Қазақ
тарихынан» атты еңбегi шыққан. 1925 ж. «Бұрынғы езiлген ұлттар» атты
зерттеуi, «Қазақша-орысша тiлмаш», 1928 ж. 2 кiтаптан тұратын «Оқу
құралы» кiтабы жарық көрдi.
1957 жылы ресми ақталған соң, 1965 жылы «Алтын сақина» атты шағын
жинағы жарық көрдi. Қөшкенiң мұралары 1980 жылдардың аяғында ғана
еркiн шығарыла бастады. Қаламгердiң құрметiне Баянауылда мектеп,
Астанада көше аты берiлдi.
Достарыңызбен бөлісу: