Байланысты: аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы
18 қазан – рухани келісім күні Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда
өткізілді. Содан бері бұл күн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды
күндердің бірі. Алғаш рет осы толеранттық мереке Мәскеуде болуы керек
еді, бірақ КСРО құлап, сондай-ақ одан кейінгі оқиғаларға байланысты болған
жоқ. 1995 жылы ЮНЕСКО Қазақстанның тәжірибесін ескере отырып,
толеранттық қағидаларының Декларациясын қабылдады. Бүгінде рухани
келісім күнін Еуропаның көптеген елдері, сондай-ақ Ресей мен Үндістан
мерекелейді. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды
біріктіретін осы күн — қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан
да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап
өтіледі.
Оқушыларға қазіргі қоғамдағы мәдениетке, өркениетке қарсы ұйымдар,
олардың кері әсері туралы ақпарат беру, жастардың бойында экстремистік
көзқарастар мен іс-әрекеттерге қарсы тұру қасиеттерін қалыптастыру және
рухани құндылықтарды арттыру мақсатында «Теріс діни ағымдар – заңсыз
уағыз» атты ток-шоу өткізуге болады. І-ші - Ұйымдастыру бөлімінде
қатысушыларды орналастырып, таныстырылады. ІІ - Ой толғау бөлімінде
оқушылардың теріс бағыттағы діни ағымдар туралы қандай мағлұматтармен
танысқысы келетіндігі жөнінде сауалнама жүргізіледі. ІІІ -Руханият
бөлімінде оқушылардың пікірлері тыңдалады. ІV- «Абайла адасу»
тақырыбында теріс бағыттағы діни ағымдардың іс-әрекеттері мен мақсат-
мүдделеріне тоқталып оқушылар пікірлерін білу. V- «Дін және уақыт»
қорытынды бөлімінде балалардың «Көкірегіңе түйіп жүр!» атты айдармен
дін қызметкерлерінің баяндамасын тыңдатуға болады.
158
ӘДЕБИЕТТЕР: Аметова Л. Қазіргі білім беру жүйесінде рухани-адамгершілік
тәрбиені жүзеге асыру – қоғам қажеттілігі / Л. Аметова //Өзін-өзі
тану=Самопознание. - 2015. - № 1. - 5-7 б.