155
Қазақтың педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақтың
Ұлттық педагогикалық университеті) тарих-филология факультетін бітірген.
1965-1968 жылдары Ақсу ауданында 8 жылдық мектептің оқу ісінің
меңгерушісі, 1968-1969 жылдары Талдықорған облыстық мұғалімдер білімін
жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі, 1969-1975 жылдары Қапал
ауданы Көшкентал орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі, аудандық партия
комитетінде нұсқаушы, мектеп директоры болды. 1975-1978 жылдары Абай
атындағы Қазақтың педагогикалық институтының аспирантурасында (қазіргі
Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университеті) оқыды.
1978-2002
жылдары
Абай
атындағы
Алматы
Мемлекеттік
университетінде (қазіргі Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық
университеті) ұстаздық етіп, ассистенттен профессор дәрежесіне дейін
көтеріліп, жауапты қызметтерді атқарды. 1978 жылы кандидаттық, 1997
жылы «Қазақ тарихи романы» деген тақырыпта докторлық диссертация
қорғады. Негізгі ғылыми жұмыстары – қазақ тарихи романдары және қазақ
әдебиетін оқыту мәселелеріне арналған.
2002 жылдан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды. Қазір «Ілиястану»
ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.
Оның «Мұрат пен», «Қазақ тарихы романы», «Қазақ тарихи романының
көркемдік тілі», «Өңінде тұлпар мінгендер», «Талант тағлымы», «Ізгілік
сабағы» атты кітаптары жарық көрген. Профессор С. Мақпыровпен бірігіп
колледжге арналған екі бөлімнен тұратын «Қазақ әдебиеті» оқулықтарын
жазды, «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясын шығарды. 700-ден астам ғылыми-
зерттеу мақалалардың, 3 монографияның авторы.
Достарыңызбен бөлісу: