Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет27/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Ол туралы

 
Әдiбай 
Табылдиев

 
Биобиблиографиялық 
көрсеткiш 
/құраст.

А.Б.Қоразова. - Алматы

Қазақ университетi, 2001. – 39 б. 
Әдiбай Табылдиев
//Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиетi. - 
Алматы

Мектеп, 1976. – 147-148 б. 
Табылды Әдiбай
//Қазақстан жазушылары

ХХ ғасыр. Анықтамалық. - 
Алматы

Ана тiлi. – 2004. – 296 б. 
Табылдиев 
Әдiбай
//Советтiк 
Қазақстан 
жазушылары

биобиблиографиялық анықтамалық. - Алматы

1987. – 594-595 б. 
Табылдиев Әдiбай
//Казақ ССР. Қысқаша энциклопедия. Т.4. – Алматы, 
1989. – 683 б. 
Табылбиев Әдібай
//Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – 
Алматы: Аруна, 2005. – 490 б. 
Панзабеков К
. Әдібай Табылдиев – ғылым докторы /К.Панзабеков 
//Қазақстан мұғалімі. – 2004. – 15 желтоқсан. 
Ақпан 
16 

28

 жұлдыз
Қазақ поэзиясының алыбы, ұлы жыршы 
Жамбыл 
Жабаевтың
туғанына 
170 жыл

1846-1945


Жамбыл Жабаев
1846 жылы ақпан айында осы күнгi Алматы облысы 
Жамбыл ауданында Ыстыбай баласы Жабаның отбасында туған. 
16 жасының өзiнде-ақ ол қазақ даласына белгiлi болды. Оның қазақ
қырғыз ақындарымен айтысы қазақтың халық ауыз әдебиетiнiң алтын қорына 
ендi. 
Жамбылдың балалық, жастық, бозбалалық, карттық шақтары ХIХ 
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас шенiнде өттi. Ұлы ақынның Қазан 
төңкерiсiне дейiнгi өлең жырларында байлар мен билердi, олардың 
сойқандық қылықтарын әшкерелеп, жарлы-жақыбайлардың мұң-мұқтажын 
жырлады. 
Қазақ төңкерiсiне дейiнгi айтыстары мен өлеңдерiнiң көбiсi дерлiк 
сақталмаған. Тек ұрпақтан ұрпаққа, ауыздан ауызға көшкен бөлiгi ғана бiзге 
келiп жеттi. 
Ж.Жабаев 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа белсене атсалысқан ақын. 
Ол өзiнiң өлеңдерiмен халық рухын көтерiп, ел-жұртты жiгерлендiруге 
үндедi. 
1917 жылы Қазан төңкерiсi болып, жаңа заман орнағанда Жамбылдың 
жасы 70-тен асқан болатын. Ол әр құбылысқа өлеңiмен үн қосып, 
жаңалықтарды шалқыған шабытпен жырлады. 
1919 ж. Жамбыл Жетiсу ақындарының слетiне қатысты. 1934 жылғы өнер 
шеберлерiнiң 1-республикалық съезiнде Жамбыл өзiнiң шынайы халық 
ақыны екенiн танытты, тоқсандағы ақынның тасқынды өлеңдерi қазақ 
поэзиясын тағы бiр биiк шыңға көтердi. 1936 жылы Мәскеудегi қазақ 
көркемөнерiнiң декадасына қатысты. Сөйтiп, ол Бүкiлодақтық ұлы 
импровизатор-интернационалист ақын атанды. 


25 
Ұлы Отан соғысы жылдары Жамбыл жырлары халықты жеңiске 
жiгерлендiрдi. Мәселен оның «Ленинградтық өренiм» өлеңi қоршаудағы қала 
қорғаушыларына үлкен рух, сенiмдi серпiн бердi. 
Ақынның 100 және 125 жылдық мерейтойлары одақ көлемiнде аталды. 
Жүз жасаған ұлы жыршы ХХ ғасырдың Гомерi деген атпен халық жүрегiнде 
мәңгi қалды. Ақынның туғанына 150 жыл толуы ЮНЕСКО шешiмi бойынша 
әлемдiк деңгейде мерекелендi. 
Ақынның еңбегi жоғары бағаланып, Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет 
белгiсi» ордендерiмен марапатталды. 
Қазақстандағы 
бiрқатар арнаулы оқу орындары, Республикалық 
жасөспiрiмдер кiтапханасы Ж.Жабаевтың есiмiмен аталады, сонымен қатар 
Қазақстанның көптеген қалалары мен селоларында Ж.Жабаевтың атындағы 
көше бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет