Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет24/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Тұрбекова А.
Құтты болсын жаңа жыл!: [жаңа жылға арналған кеш]
/ А. Тұрбекова //Ұлағат. - 2012. - № 6. - 105-114 б. 
Ізбенова А.Ш.
Жаңа жылым, қош келдің!: [ересектер мен мектепалды 
даярлық топтарына арналған қойылым] /А.Ш.Ізбенова //Отбасы және 
балабақша. - 2011. - №6. - 45-47 б. 
 
Қаңтар 
1 жұлдыз
Ұйғыртанушы, филология ғылымдарының докторы, 
профессор 
Мұратбек Кәрiмұлы Хамраевтың
туғанына
80
жыл 

1.01.1936-14.02.1983

Мұратбек Кәрiмұлы Хамраев
1936 жылы 1 қаңтарда Алматы қаласында 
дүниеге келдi. 1959 жылы Ташкенттегi Орта Азия Мемлекеттiк 
университетiнiң ұйғыр бөлiмiн үздiк бiтiрдi. Арада бiр жарым жыл өткен соң 
кандидаттық диссертация қорғап, үш жылдан соң ғылым докторы атанды. 
1963-1975 жж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының әдебиет және өнер 
институтында кiшi, аға ғылыми қызметкер, 1975-1976 жж. Қазақ КСР Оқу 
министрлiгiнiң Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты (қазіргі 
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясы) директорының 
орынбасары, 1976-1983 жж. Өзбек КСР Оқу министрлiгiнiң Педагогикалық 
ғылымдар ғылыми-зерттеу институтында директор болып қызмет iстедi. 
М.Хамраев 30-ға тарта кiтаптың, 300-ден астам ғылыми мақаланың 
авторы. Олардың көпшiлiгiнде тұңғыш рет түркi тектес халықтар әдебиетi 
теориясының өзектi мәселелерi қозғалды, ұйғыр әдебиетiнiң көне дәуiрден 
бүгiнге дейiнгi даму жолы сараланды, ұйғыр мәдениетiнiң бастау көздерi мен 
қазiргi жай-күйi зерттелдi, педагогика ғылымдарының келелi мәселелерi сөз 
болды. 
1963 жылы М.Хамраевтың «Түркi өлеңi құрылысының негiздерi» атты 
алғашқы монографиялық зерттеуi жарық көрдi. 
Ол «Теория, тарих, шеберлiк», «Мәңгi өлмейтiн сөз», «Ұйғыр 
мәдениетiнiң гүлденуi» т.б. еңбектерiн жазды. 
1970 жылы оған ғылым мен техника саласы бойынша Бүкiлодақтық 
Ленин комсомолы сыйлығы және КСРО Педагогикалық ғылымдар


22 
академиясының К.Д.Ушинский атындағы сыйлығы лауреаты атағы берiлдi. 
Еңбек қызыл Ту орденiмен, «Тың жерлердi игергенi үшiн», «Еңбектегi 
ерлiгi үшiн» медальдарымен және КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Грамотасымен 
марапатталды. 1978 жылы ол КСРО педагогика ғылымдары академиясының 
корреспондент-мүшесі болып сайланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет