219
пiкiрлерiм», 1911 ж. «Өрнек», 1913 ж. «Бәдел хажы» дейтiн үш зерттеу
кiтабы жарық көрген.
Ғұмар қазақ, орыс тiлдерiнде шыққан «Қазақстан» (1911-1913) газетi мен
«Айқап» (1911-1913) журналының тұрақты авторларының бiрi болған.
«Мұғалiм» (1919) журналын шығаруға қосқан үлесi мен ондағы ғылыми
еңбектерi өз алдына бiр төбе.
Ол
«Педагогика» атты еңбегiнде жұртты Аристотель, Сократ,
Ж.Ж.Руссоның тәлiмдiк идеяларымен таныстырады. Оқыту, тәрбие
жұмысының тарихи негiздерiне көз жүгiрте отырып, бұларды байыппен
жүргiзу қажеттiлiгiне назар аударады.
Оның
өлеңдерi тап қайшылығының шиеленiсуiн, шектен тыс
қанаушылық пен теңсiздiктi, халық санасының ояна бастауын, мәдени
дамуды шыншылдықпен бейнелейдi, сонымен қатар халықты өнер, бiлiмге
шақырады.
Ғұмар Қараш шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тiлiнде 1958 ж.
жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы», 1978 ж. шыққан
«Қазақстан ақындары» және қазақ тiлiнде 1994 ж. жарық көрген «Замана»
жинағында және мерзiмдi баспасөз беттерiнде жарияланған
Достарыңызбен бөлісу: