217
1863 ж. Стерлитамак қаласындағы медресенi бiтiрiп, Орынбор,
Троицк
қалаларында оқуын жалғастырады. Троицк қаласының маңында Қарабалық
ауылында бала оқытады. Ел iшiнде зор беделге ие болған Ақмолла дала
шонжарларының халыққа жасаған қиянатын өткiр өлеңмен әшкерелейдi.
Халық оны «Ақмолла» атандырып жiбередi. Ақмолланың сынына ұшыраған
жергiлiктi әкiмдер оны жалған жаламен соттатады.
Тұтқыннан босағаннан
кейiн Қостанай, Қызылжар, Көкшетау қазақтарының арасында бала
оқытады.
Ақын шығармаларында
қазақ елiнiң тұрмысы, салт-санасы, әдет-ғұрып,
оқу-өнерi жайы, адамның мiнез-құлқы әр қырынан сөз болады. Ол қазақ
даласының
сұлу табиғатын, халық өмiрiнiң түрлi жақтарын философиялық
тошылаулар арқылы шебер көрсетедi. Ақмолланың «Түрмеде жатып
жазғандарында» жастарға тәлiм боларлықтай ғибратты ойлар көптеп
кездеседi.
Ақынның бiрсыпыра өлеңдерi 1904 ж. «Ақмолла»
деген атпен, бiршама
толық жинағы 1907 ж. «МәшҺүр шайыр Ақмолланың өлеңдерi» деген атпен
жарық көрдi. 1935 ж. С.Сейфуллин Ақмолла өлеңдерiн құрастырып,
«Ақмолла» деген атпен жеке кiтап етiп шығарды. 1981 ж. Ақмолланың
туғанына 150 жыл толуы салтанатпен мерекелендi.
Мәскеуде оның өмiрi
мен шығармашылығына арналған жұртшылық өкiлдерiнiң жиналысы
өткiзiлдi. 1986 ж.ақын өлеңдерi «Күндер мен түндер» деген атпен қазақ
тiлiнде басылды. Ақын кiсi қолынан қаза тапқан. Миас қаласының зиратында
жерленген. Ақынның туған ауылында мемлекеттiк мұражайы жұмыс iстейдi.
Достарыңызбен бөлісу: