Наурыз 5 жұлдыз Педагогика
ғылымдарының
докторы
Мәулен Әбдiкерiмұлы Құдайқұловтың туғанына
85 жыл
5.03.1931
Құдайқұлов Мәулен Әбдiкерiмұлы 1931 жылы 5 наурызда Оңтүстiк
Қазақстан облысы, Түлкiбас ауданы Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген.
1949-1952 жж. Оңтүстiк Қазақстан облысы Алғабас ауылында бастауыш
жетi жылдық және орта мектепте мұғалiм болып iстедi.
1960 жылы Шымкент педагогикалық институтының физика-математика
факультетiн бiтiрдi. 1966 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1968
жылдан Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтында мұғалiм,
1968-1974 жылдары осы институтта кафедра меңгерушiсi болды, 1978 жылы
докторлық диссертация қорғады, ал 1985 жылы Қазақтың мемлекеттiк
қыздар педагогикалық институтында оқу бөлiмiнiң проректоры болып iстедi.
М.Құдайқұлов Қазақстан мектептерiн киноландыруды ұйымдастыру
педагогикалық және методикалық мәселелерiн зерттеумен айналысты. Ол
республика мектептерi мен жоғары оқу орындарында техникалық
құралдарды пайдаланудың бiрқатар озық тәжiрибесiн жинақтады, оқу киносы
жайлы алғашқы оқу құралын жазып шығарды, оқу кинематографиясы жайлы
тұңғыш орысша-қазақша терминологиялық сөздiктi жасады.
М.Құдайқұлов мұғалiмдер үшiн әдістемелік құрал, педагогикалық
институттар студенттерiне арнап оқу құралдары мен бағдарламалар жасады.
М.Құдайқұловтың бұдан кейiнгi зерттеулерi келешек мұғалiмдердi
даярлаудың тиiмдi жолдары мен жүйесiн ашуға бағытталды.
ӘДЕБИЕТТЕР: Құдайқұлов М.Ә. Қабiлеттiлiк. Дағды. Шеберлiк /М.Ә.Құдайқұлов. –
Алматы: Қазақстан, 1986. – 118 б.
Құдайқұлов М.Ә. Оқу киносының практикумы: Педагогикалық
институтқа арналған оқу құралы (Қазақ ССР Жоғары және орта арнаулы
бiлiм министрлiгi бекiткен) /М.Ә.Құдайқұлов. – Алматы:Мектеп,1970. – 71 б.
Құдайқұлов М.Ә. Мектеп оушыларын оқыту мен тәрбиелеуде қазiргi
заманғы техникалық құралдарды пайдалану. Лекторға көмекшi құрал
/М.Ә.Құдайқұлов. - Алматы, 1972.- 21 б.