Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет38/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Наурыз 
3 жұлдыз
Педагог, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының 
ректоры 
(1968-1984),
Күләш 
Құнантайқызы 
Құнантаеваның
туғанына 
85 жыл

3.03.1931

Құнантаева Күләш Құнантайқызы 
1931 жылы Шығыс Қазақстан 
облысының Ұлан ауданында дүниеге келдi. 
1952 жылы Қазақтың мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтының 
филология факультетiн бiтiргеннен кейiн Алматы облысының Жамбыл 
ауданында мұғалiмдiк қызмет атқарды. 1954-1956 жылдары Қазақстан ЛКСМ 
Алматы облыстық комитетiнiң секретары, 1956-1959 жылдары Қазақстан 
ЛКСМ Орталық Комитетiнiң секретары, 1959-1967 жылдары Қазақ ССР 
Жоғары және арнаулы орта бiлiм министрлiгiнiң орынбасары қызметiн 
атқарады.
1964 ж. Қазақстанның жоғары және орта арнаулы бiлiм министрiнiң 
орынбасары қызметiн атқарды. 1967-1968 жж. Алматы шетел тiлдерi 
институтының 

қазiргi Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және 
әлем тiлдерi университетi

оқу iсi жөнiндегi проректоры, 1968-1984 жылдары 
Қазақтың мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтының ректоры, ал 
1984 жылдан бастап осы институттың педагогика кафедрасының 
профессоры, 1990 жылдан осы институттың педагогика кафедрасының 
меңгерушiсi.
1966 жылы К.Құнантаева «Қазақстан оқушыларының кластан тыс еңбек 
және бiлiм алу жөнiндегi кейбiр бiрлестiктерi» деген тақырыпта 
кандидаттық диссертация, 1981 ж. «Қазақстандағы 

1920-1975жж.

әйелдер 
бiлiмiнiң дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 
1990 ж. КСРО педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-
мүшесi болып сайланды. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы 
Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесi. 
К.Құнантаева «Педагогика» мамандығы бойынша қазақ әйелдерiнiң iшiнде 
тұңғыш докторлық диссертация қорғаған ғалым. 
Еңбегi бағаланып «Халықтар достығы», «Құрмет белгiсi» ордендерiмен, 
медальдармен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен 
марапатталған. 1965 жылы «Қазақстан халық ағарту iсiнiң үздiгi», 1980 ж. 
«КСРО жоғары мектебiнiң үздiгi» атанды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет