Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет46/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Наурыз 
8 жұлдыз 
Педагог, 
әдiскер, 
педагогика 
ғылымдарының
кандидаты, қоғам қайраткерi
Рафиқа Бекенқызы 
Нұртазинаның
туғанына 
95 жыл

8.03.1921

Нұртазина Рафика Бекенқызы
1921 жылы 8 наурызда Павлодар 
облысы, Павлодар ауданы Энергетика поселкесiнде туған. 1951 жылы Қазақ 
мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтын бiтiрiп, осы жылы 
Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебiнiң орыс тiлi мен әдебиетiнiң мұғалiмi, 
әрi оқу iсiнiң меңгерушiсi болды, ал 1971 жылдан 1985 жылға дейiн осы 
мектептiң директоры болды. 1974 ж. «Пути активизации познавательных 
интересов при обучении русскому языку в казахской школе» деген 
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 
Рафиқа Бекенқызының педагогикалық, әдiскерлiк қызметi Алматыдағы 
№ 12 қазақ орта мектебiмен тығыз байланысты. 1984 ж. № 12 қазақ орта 
мектебi республикадағы ең үздiк мектеп аталып, Казақ КСР Жоғарғы
Кеңесiнiң Құрмет грамотасымен, 1985 ж. КСРО Халық шарушылығы 
жетiстiктерi көрмесiнiң қола медалiмен марапатталды. 
Нұртазина 40-қа жуық ғылыми-методикалық еңбектердiң (орыс тiлiнде) 
авторы және қазақ мектептерiндегi орыс тiлi мен әдебиетi бағдарламасын 
құрастырушылардың бiрi. Р.Нұртазина Бүкiлодақтық ғылыми-методикалық 
конференцияларға қатысты. Бүкiлодақтық мұғалiмдердiң 2, 3 және 4 съезiнiң, 
Қазақстан Республикасы бiлiм қызметкерлерiнiң 1 съезiнiң делегаты болып, 
баяндамалар жасап отырды. КСРО Кәсiпшiлер одағы 14,15 съездерiнiң, 
Қазақстан Коммунистiк партиясының 13 съезiнiң делегаты. 1972-1978 жж. 
Республика Педагогикалық қоғамы кеңесiнiң төрайымы болып сайланды. 
1981-1987 жж. КСРО және Қазақ КСР ғылыми-әдiстеме кеңесiнiң мүшесi 
болды. 
Р.Нұртазинаның педагогикалық еңбегi туралы көптеген мақалалар
очерктер жазылып, телефильмдер мен телехабарлар дайындалды. 
Р.Нұртазинаның педагогикалық қоғамдағы iстеген еңбегi жоғары 
бағаланып, Қазақ КСР-i мектебiне еңбек сiңiрген мұғалiм, Социалистiк Еңбек 
Ерi, Қазақстанның халыққа бiлiм беру iсiнiң үздiгi атағы берiлдi, КСРО 
Педагогикалық Ғылым Академиясы мен КСРО Оқу министрлiгiнiң «Құрмет 
грамотасы», «Ленин орденi», «Құрмет Белгiсi» орденiмен және медальдармен 
марапатталды. Алматы қаласының құрметтi азаматы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет