42
бірдей жағдай жасауды талап етті.
Сонымен қатар, әйелдер сайлауға
қатысуға құқылы екендіктерін де жеткізді.
1909 жылы Американың Социалистік партия сы әйелдер күнін
жариялады. Ол 1913 жылға дейін аталып келді. 1909 жылы Копенгагенде
өткен әйелдер жиынына АҚШ-тан делегаттар келді, олардың арасында Клара
Цеткин де болды. Ол Екінші Халықаралық социалист әйелдер
конференциясының делегаты еді.
1910 жылы беделді неміс социалист
әйелі Клара Цеткин Екінші
Халықаралық конференция делегаттарына әйел теңдігі туралы күрес күнін
белгілеуді ұсынды. Бұл Копенгагенде 27 тамызда жүзеге асты. Мұнда Екінші
Интернациона дың 8-інші Конгресі өткен болатын.
Бірінші Халықаралық әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда,
Швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. Көп адам қатысқан
митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы
12 наурызда Германияның, 9 наурызда Австрия, Чехия, Венгрия, Швейцария,
Голландияның
әйелдері, 2 наурызда Франция мен Ресейдің әйелдері бас
көтерді.
1914 жылғы 8 наурызда көптеген елдер Халықаралық әйелдер күнін
атап өтті. 1975 жылдан бастап БҰҰ-ның ұйғарымымен 8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде.
Бұл мерекеде барлық мектептерде ұстаздарды,
аналарды, қыз
балаларды құттықтау, құрметтеу мақсатында көптеген іс-шаралар өтіледі.
Атап айтсақ әртүрлі тақырыптағы тәрбие сағаттары, қыз сыны байқаулары
және мерекелік кештер. Аналар күніне арналған «Әлемнің
жарығын
сыйладың сен маған...» атты мерекелік кештің өтілу барысына келсек
«Сәбидің дүниеге келуі» (сахнада ана мен сәби), «Найман ана» көріністері
қойылады. 8-9 сынып оқушылары аналарды өлеңдермен құттықтай отырып
«Кешір ана», ару қыздарға арналған «Арулар асыл жандар...»
бейнеклиптері
көрсетіледі, күйлер орындалады. Сонымен қатар 8-наурыз
мерекелік кешінің шығу тарихы жайлы да мағлұматтар береді. Кеш
оқушылардың әдеби монтаждарымен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: