Наурыз
9 жұлдыз
Тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы
Жамалбек Болатовтың
туғанына
85 жыл
(9.3.1931-
6.8.1978)
Болатов Жамалбек
1931 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы, Жамбыл
ауданы, Бесжылдық ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Жамбыл
педагогикалық училищесін, 1953 жылы Абай атындағы Қазақтың
педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақтың Ұлттың
педагогикалық университеті) бітірген. 1954-1956 жж. Абай атындағы
Қазақтың педагогикалық институтында оқытушы. 1956-1976 жж. ҚазКСР
Ғылым Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми
қызметкер.
1946-1978 жж. Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтында
(қазіргі Абай атындағы Қазақтың Ұлттың педагогикалық университеті) қазақ
тілі кафедрасының меңгерушісі. 1955 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының
корреспондент мүшесі, С.Аманжоловтың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі
есімшенің
синтаксистік
қызметі»
деген
тақырыпта
кандидаттық
диссертация, «Қазақ тілінің шығыс говорлар тобы» деген тақырыпта
докторлық диссертация қорғады.
Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы, грамматика
мәселелеріне арналған. Ұзақ жылдар диалектологиялық экспедицияларда
болып, жергілікті тілдік ерекшеліктерге байланысты материал жиып,
көптеген мақалалар жариялады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Болатов Ж. т.б.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі
/ Ж.Болатов. – Алматы, 1966.
Болатов Ж. т.б.
Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис /Ж.Болатов. –
Алматы, 1967.
Болатов Ж. т.б
. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі /Ж.Болатов. –
Алматы, 1969.
Болатов Ж
. Синтаксические функции причастий в казахском языке. АКД
/Ж.Болатов. – Алматы, 1955.
Достарыңызбен бөлісу: |