Өмірбаянына қысқаша шолу. Зәки Ахметұлы Ахметов



бет1/2
Дата13.01.2022
өлшемі23,08 Kb.
#111758
түріӨмірбаяны
  1   2
Байланысты:
Зәки Ахметов
Зәки Ахметов, Зәки Ахметов

Зәки Ахметов және әлемдік әдебиеттанудың даму бағыттары

Тақырыбы: «Ер – есімі, ел – есінде!»


Мукышева Салима Алпысовна

Семей қаласы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі.

marzhan.zhumabek13@mail.ru



  1. Өмірбаянына қысқаша шолу.

Зәки Ахметұлы Ахметов Зәки Ахметұлы Ахметов 1928 жылы 5 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімін), 1951 жылы Ленинградтағы КСРО ҒА-ның Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. Сол жылы «Лермонтов и Абай» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 1965 жылы «Қазақтың өлең құрылысы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1966 жылы оған профессор атағы берілді.

ҚазМУ-ді бітірген (1947). 1947-50 жж. КСРО ғылым академиясының Ленинградтағы Шығыстану инстиутының аспирантурасында оқыды. Ленинград Мемлекеттік университетінде "Лермонтов және Абай" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, 1971-75 жылдары Қыздар педагогикалық инстиутында доцент, кафедра меңгерушісі, декан және Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері болды.

1965 жылы "Қазақтың өлең құрылысы" атты диссертациясын қорғап, филололгия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді. 1975 жылы Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшесі. 1983 жылы Қазақ КСР ҒА академигі болып сайланды.

1975-81 жылдары Қазақ КСР ҒА М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, директор болып қызмет істеді. 1976-84 жылдары Қазақ КСР ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы, 1984-86 жылдары Қазақ КСР Ғ А вице-президенті болды. 1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1986 жылы өмірінің соңғы күндеріне дейін М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер инстиутында әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы бөлімінің, сондай-ақ Абайтану және жаңа әдебиет бөлімінің менгерушісі болды.




  1. Елеулі ізденістері мен еңбек жолы.


Зәки Ахметовтің әдебиет тарихы мен теориясы, ұлттық поэтика мен өлең жүйесі, абайтану мен әуезовтану жайындағы монографиялары Қазақстан ғылымы тарихында жарқын белес болып есептеледі. Оның еңбектері Қытай, Түркия, Ресей мемлекеттерінде, Минск, Кишинев, Ереван, Баку, Ташкент, Бішкек қалаларында жарық көрді. З.Ахметов дарынды зерттеуші, талантты ұстаз ретінде қоғамның ғылыми әлеуетін көркейту ісінде елеулі із қалдырды. Оның жетекшілігімен 20-дан астам докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Ғалым әдебиеттану саласында жарты ғасырдан астам талмай еңбек етіп, 10-нан астам жеке монография, 20 шақты ұжымдық кітап, 400-ге жуық мақала жазды. Көпқырлы ғалым қазақ мектептеріне арналған «Орыс әдебиеті» оқулықтарын да жазған (8,9,10 сыныптарға). Бұл оқулықтар 10 рет жарияланған. Ол репрессияға ұшыраған Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын бағалауда тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге орасан зор еңбек сіңірді. Ғылыми-методологиялық әдіснаманы шығармашылығының түпқазығы еткен тумысы бөлек, тұлғасы биік академик кейінгі ұрпаққа қымбат қазына қалдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет