Өмірбаянына қысқаша шолу. Зәки Ахметұлы Ахметов



бет2/2
Дата13.01.2022
өлшемі23,08 Kb.
#111758
түріӨмірбаяны
1   2
Байланысты:
Зәки Ахметов

Зәки Ахметұлы филология ғы­лым­дарының докторы, Қазақстан Рес­пуб­ликасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасының ҰҒА Ш.Уәлиханов атындағы сый­лы­ғының, Қазақстан Рес­публикасы Мем­лекеттік сыйлығының лау­реаты, ҚР ҰҒА академигі. Ол 1951 жылы «Лермонтов және Абай» тақырыбында кандидаттық диссертация, 1965 жылы қазақ өлеңінің құрылысына байланысты докторлық диссертация қорғаған. Сонымен қоса 11 монографияның, 15 ұжымдық еңбектің, оқу құралдары мен оқулықтардың авторы.

Көптеген ғылыми жинақтар мен академиялық басылымдарға түсінік жазып құрастырған. Көрнекті ғалымның ғылыми жетекшілігімен жиыр­маға жуық ізденушілер кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғады. Ға­лымның артында қалдырған асыл мұ­расы болашақ ұрпақ пен жас ғалым-зерт­теушілер үшін баға жетпес құндылық болып табылады.





  1. Зәки Ахметов Абайтану мен Лермонтовтануға қосқан үлесі

Зәки Ахметов Абайтану мен Лермонтовтануға жаңалықты құбылыстар енгізді. Жас ғалымның тұжырымды ой-пікірлерін академиктер Крачовский, Струве, Баранников, профессорлар Ефимов, Берков, көрнекті лермонтовтанушы В.А.Мануйлов қолдап қуаттады. Сөйтіп, оқу мен жазуды, тыңдау мен сөйлеу өнерін қысқасынан қайырғанда, бірнеше өнер түрлерін түбегейлі меңгерген рухани балғын қасиеттің иесі Зәкең зиялы ойшыл қауымның, озат та үлгілі ортаның барша жақсылықтарын бойына тұтастай сіңірді. Ұлттық әдебиеттану ғылымының ту ұстаушысы дәрежесіне көтерілген өзі күндей, сөзі гүлдей Зәки аға сөз жауһарын, ой асылын асқан сезімталдықпен, кемел білгірлікпен, салиқалы парасат-пайыммен саралап, студенттердің жүрегіне, ой-санасына жойқын шабыт пен шебер жеткізеді. өлеңдерін Зәки аға түгелге жуық жатқа айтады десекте жарасады.

Академик Зәки Ахметовтің «Поэзия шыңы- даналық» атты зерттеуінде ұлттық сөз өнерінің өзгеше өрнек кестесі, тарихи-әдеби процестің ерекшеліктері, халықтың көркемдік ойлау жүйесі, поэзияның бейнелік суреттілік табиғаты, архитектоникасы, сөз музыкалығы, ой тапқырлығы, өлең құрылысы, Ұлы Абайдың суреткерлік қолтаңбасы, ақындық даналығы турасында жан-жақты, терең ой-түйіндеулер, тұраулы тұжырымдар мәнімен, сәнімен келісті баяндалады.




  1. Қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесі

Зәки Ахметов ұлттық әдебиетіміздің ғылымында қазақ өлеңі құрылысынан бірден-бір кесек зерттеу жазған ғалым.

Задында, өлең құрылысының ұлттық сипат-белгілері өзгеше. Бұл ұлт тілімен тамырлас, тектес. Сондықтан да қазақ өлеңі, алдымен, буынға негізделеді. Ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады. Яғни, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен, фонетикалық құрылысынан туындайды.академик Зәки Ахметовтің көрсетуінше, «жүйелі ой салаланып, сабақтасып жатқан жеке тізбектерден тұрады». Демек, әуезді ырғақтың ең негізгі бөлшегі буын екені әлімсақтан белгілі. Содан буын бунаққа, тармаққа көшіп, ырғақтың әуез-келісімін күшейтеді.

Ахметов Зәки (1928 ж.т.)- әдебиет зерттеуші ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ахметовтың қазақ өлеңінің құрылымы, теориясы, стилі мен тілі, әдебиеттегі дәстүр мәселелеріне арналған: «Қазақ поэзиясының тілі», «Өлең сөздің теориясы», «Қазірігі қазақ әдебиетінің дамуы және дәстүрлері» т.б. көлемді ғылыми еңбектері жарық көрген. Ғалым Абай шығармаларын 40-жылдардың аяғынан бастап тыңғылықты зерттеп келеді. Әсіресе ақыннның орыс классиктерінен тәржімелеген шығырмаларына баса көңіл бөліп, Абайдың аудармашылық шеберлігі мен тәжірибесін теория жағынан негіздеп берді. Ғалым Абай өлеңдерінің көркемдік құрылымын, поэтикалық тілін, философ, ой-тұжырымдарын, тәрбиелік және әлеуметтік мәнін, текстологиясын, жаңашылдығы мен дәстүр жалғастығын сөз ететін: «Абай аудармалары орыс әдебиетімен байланысының бір түрі» (Абай өмірі мен творчествосы.- А.,1954), «Ойшыл, суреткер ақын» (Абай тағылымы. – А.,1986), «Абай-ұлы ақын», ағартушы, демократ» (ҚазССР ҒА-ның хабаршысы. Тіл -әдебиет сериясы. 1985, №4), «Абайдың «Сегіз аяғы» (Қазақ филологиясының мәселелері. Орыс тілінде. –А., 1964), «Абай және оның көркемдік дәстүрі» (Қазіргі қазақ әдебиетінің даму мен дәстүрлері. Орыс тілінде. –А., 1978) т.б. 30-дан астам ғылыми еңбек жазылды.

Ғылыми-әдеби еңбегі, азаматтық өмір жолы өзінен кейінгілерге өнегеге айнаоған академик Зәки Ахметов- әдебиеттану ғылымында нар жүгін көтерге белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиет менің тағдырым деп таныған зерттеуші халқына бүкіл жаратылысымен аянбай қызмет етіп, қазақ әдебиеттану ғылымының мұрасын одан ары биіктетті.

Әдебиеттану ғылымында өз бағыт-бағдарын әбден анықтаған ғалым 1965 жылы әдебиеттің теориялық мәселелеріне терең бойлап, қазақ поэзиясындағы тіл кестесі мен өлең құрылысы жайлы «Қазақ өлеңінің құрылысы» деген докторлық диссертациясын қорғап, қазақ сөз өнерінің заңдылықтарын, оның ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін терең ашып береді. Бұл еңбекте академик З.А.Ахметов тұңғыш рет қазақ өлеңінің дәлелді ғылыми теоирясын жасады. Теңіз тұңғиығынан інжу-маржан сүзгендей зерделі зерттеушінің терең ізденіске толы бұл еңбегі өз кезінде ғылыми құндылығымен әдебиет әлеміне үлкен жаңалық әкелді. Еңбекте қазақ өлеңінің ритмикалық құрылысы егжей-тегжейлі қарастырылып, ұлттық тіл құрылымымен тығыз байланысты маңызды ерекшеліктері анықталған. Зерттеушінің қазақ өлеңінің құрылысы жайындағы бұл құнды еңбегі қазіргі жоғары оқу орындарында қазақ өлеңінің құрылысын танып-білуде ең бір құнды еңбектердің бірі ретінде пайдаланылуда.

Академик З.А.Ахметов «Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очерктері» (Мәскеу), «Ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» (Алматы), сондай-ақ «Көпұлтты әдебиеттің тарихы» (Мәскеу), «Лермонтов энциклопедиясы» (Мәскеу) және басқа көптеген көп томдық іргелі еңбектерді жазуға атсалысты.

З.А.Ахметовтің әдебиет теориясы қазақ өлең құрылысы, аударма проблемасы, т.б. теориялық еңбектеріне аса көрнекті әдебиет зерттеушілер В.М.Жирмунский, П.Н.Берков, В.А.Мануйлов, Г.И.Ломидзе, З.С.Кедрина, Б.П.Гончарев, В.В.Кожиновтар жоғары баға берді. З.А.Ахметовтің еңбектері Москва, Санк-Петербург, Ереван, Минск, Кишинев, Баку, Ташкент қалаларында Қытай, Түркия елдерінде жарық көрді. 1975 жылы З.А.Ахметов ҚРҒА-ның корреспондент-мүшесі, 1983 жылы академик болып сайланды.

1996 жылы З.А.Ахметовтің тікелей жетекшілігімен «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» шықты. Бүкіл әдебиеттану ғылымын қамтитын негізгі ғылыми түсініктер мен терминдерге ана тілімізде терең де дәл анықтама берген бұл сөздік мектеп оқушысынан бастап, жоғары оқу орындарындағы мұғалім, студенттердің таптырмас құралына арналған.

З.А.Ахметов- отандық ғылымының әдебиет теориясы саласындағы ірі маман ретінде 11 монографиялық, 15-тен астам ұжымдық және 300-дей мақал-еңбектердің авторы. Бұл проблемалық зерттеулердің әдебиеттану ғылымы үшін мәні зор[25,26].

З.А.Ахметовтің ғалымдық бейнесін тарихта қалдыратын, әдебиеттану ғылымының тарихына алтын әріппен жазылатын белгілері бұлар емес, ондай айшықты белгі-беделдер алдымен ғалымның тамаша зерттеулері, зерделі ізденістері екені дау тудырмаса керек.

З.Ахметов зерттеулерінде шешімін тапқан мәселелер қазақ әдебиетінің шеңберімен ғана шектелмей. Оның жалпы түркологиялық мәні де аса зор. Себебі, олардың ішінде қазақтың өлең-жырлары, қырғыздың «Манас» эпосы, түркі халықтары өлеңдерінің типологиясы туралы зерттеулердің болғандығы ғана емес. Сөз жоқ, бұларда аса маңызды. Сонымен бірге қазақ әдебиеті мен фольклорына арналған ізденістерінде жалпы түркі халықтарының әдебиетіне қатысты маңызды тұжырымдамалық идеялардың ұсынылатындығы. Әсіресе, өлең өрнегінің байырғы белгілері, ауызша поэзияның көне поэтикалық дерекнамалық сипаты туралы топшылаулар түркология ғылымы үшін елеулі жаңалық.

Қорыта келсек, Абайтану, Лермонтавтануға айтарлықтай үлес қосқан орасан зор еңбегін ел есінен ұмыт қалмағанын мақтанышпен айта аламыз.Біз жас ұрпақ бабаларымыздың салып кеткен сара жолын бойымызға сіңіруде, олардың бүгінгі күнімізбен тікелей сабақтас құндылық екендігін әрқашан сезінуіміз керек.




Әдебиеттер тізімі


  1. «Қазақ әдебиеті энциклопедия». Алматы: «Білік», 1999 ж- 750 бет.

  2. Ахметов З.А. «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы және дәстүрі». Алматы: 1978 ж.

  3. Ахметов З.А. «Поэзия шыңы-даналық». Астана: 2002 ж.

  4. Ахметов З.А. «Қазақ поэзиясының тілі». Алматы, 1970 ж.

  5. Ахметов З.А. «Основы теории казахского стиха» (монография), Алматы- 2002 г.

  6. Ахметов З.А., Шаңбаева Т. «Әдебиеттану». Алматы: «Ана тілі», 1998 ж- 384 бет

  7. Ахметов З.А. «Қазақ өлең құрылысы» «монография), Аламты: 1964 ж.

  8. Ахметов З.А. «Материалы и исследования». Алматы: «Ғылым» 1998 ж.

  9. Абай энциклопедия. Алматы: «Ата мұра», 1995 ж- 720 бет.

  10. Ахметов З.А. «К вопросу изучения теории тюркского стиха», Советская тюркология, 1972 г.

  11. Ахметов З.А. «Роман-эпопея». Алматы: «Санат», 1997 ж.

  12. Ахметов З.А. «Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылуы тарихы». Алматы, 1984

  13. «Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері» (Ұжымдық монография)- Алматы: «Ғылым», 2002 ж- 274 бет.

  14. Ахметов З.А. «М.Әуезовтың роман-эпопеясы». Алматы: «Санат», 1997ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет