С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Жерге орналастыру факультеті
Құрметті әріптестер!
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Қазақстан Республикасы, Астана қ.) 2008 жылдың 20-21 мамыр аралығында ҚазКСР-не еңбегі сіңген ғылым қайраткері, белгілі агрария-ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Моисей Аронович Гендельманның туған күнінің 95-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
-
Жер қатынастарын мемлекеттік реттестіру және аграрлық саясат.
-
Ауылдың және аул территорияларының әлеуметтік мәселелері.
-
Жерге орналастыру, жерді пайдалану және қорғаудың қазіргі кездегі мәселелері.
-
Мемлекеттік жер кадастры және жер ресурстарын басқарудың өзекті мәселелері.
-
Кадастрды және жерге орналастыруды геодезиялық қамтамасыз ету.
-
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғаудың регионалдық аспектілері.
Ұйымдастыру комитеті тапсырыстарға байланысты секцияларды біріктіруі және бөлуі мүмкін.
Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, тәжірибелі-мамандар, аспиранттар, магистранттар шақырылады.
Конференцияның жұмыс жасау тілдері – қазақша, орысша.
Материалдарды жарыққа шығару үшін 2008 жылдың 15 наурызына дейін мақала мәтінін және конференцияға қатысуға тапсырыс беру қажет.
Конференцияға қатысуға тіркелу жарнасы – 1500 тенге. Тіркеу жарнасының құнына мыналар кіреді: тезистер жинағын баспадан шығару, қажетті материалдардың және ұйымдастыру жұмыстарының төлемі. Конференцияның басталуына дейін материалдар жинағын баспадан шығару жоспарлануда.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: Баяндаманың мәтінін 3 парақ көлемінде Microsoft Word редакторында терілген 1 данада ұсынылады. Мақаланың электрондық нұсқасы (дискета) міндетті түрде болуы тиіс және оны электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Шрифт: Times New Roman, 12. Жан жағынан 2 см. Абзац – 1,0 см. Ені бойынша түзету, жол аралық интервал – біреу.
Мақала келесідей талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет: ортасында бас әріптермен мақаланың (толық шрифтпен) атауы, келесі жолда ортасында автордың аты жөні тегі, төменірек ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны. Бір интервалдан соң мақаланың мәтіні. Парақ беттері нөмірленбейді.
Мысалы:
ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Гаркушина В.В.
э.ғ.к. «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ-ның доценті
Мақала мәтінінің соңында бір интервалдан кейін әдебиеттер тізімі (толық шрифтпен, ортасы бойынша түзету)
Мысалы:
Әдебиеттер тізімі
-
Гендельман М.А. Землеустроительное проектирование. – М.: Агропромиздат, 1986. – 511с., ил.
Мақалалар, жетекші құжаттар және ұйымдастыру жарналарын мына есеп шотқа 000609696, СТТН 620300249590, БИК 195301712, ФАО «Темірбанк», Астана қ. аудару керек (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті).
Ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: Репников Игорь Васильевич. Астана қ. Бейбітшілік көшесі 71, жерге орналастыру факультеті, тел. 8 (7172) 39-77-79, 39-78-49, Repnikov. Ork. @mail ru
Конференцияға қатысу үшін тапсырыс беру қажет
Конференцияға қатысуға тапсырыс
-
Аты-жөні, тегі (толық)
-
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
-
Ұйымы, қызметі
-
Байланыс телефоны
-
E-mail
-
Қажетті техникалық құралдар
|
Ойыңыз
Пленарлық мәжілісте сөз сөйлеу (ия/жоқ)
Секция мәжілісінде баяндама жасау (ия/жоқ)
Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу (ия/жоқ)
|
Автордың тапсырысынсыз, төлем ақысыз және талаптарға сай келмесе мақалалар қабылданбайды.
Ұйымдастыру комитеті.
Достарыңызбен бөлісу: |