– Озық ойлы тапқырлар күні
«Не? Қайда? Қашан?»,
«Ғасыр көшбасшысы», «Білімді мыңды жығар» «Тапқырлар сайысы» жас
білгірлер зияткерлік конкурсын, жалпымектептік «Эрудит» интеллектуалдық
ойынын, танымдық және тақырыптық викториналар өткізу.
30 наурыз –
Спорт күні
. «Спорт – біздің досымыз», «Салауатты өмір
салты – өмір мәні» «Бірінші байлық – денсаулық» жалпымектептік,
аулааралық, қалалық спорттық жарыстар, «көңілді» старттар, өңірде іс
басында жүрген танымал спортшыларды, жаттықтырушыларды қатыстыра
отырып, спорт тақырыбына зияткерлік викториналар өткізу.
31 наурыз –
Қайырымдылық күні
.
Отбасы мүшелерінің қатысуымен
«Менің інім ең үздік», «Мен және менің қарындасым (сіңілім)», «Берекелі
отбасымыз», «Менің отбасым – менің командам» атты шығармашылық
конкурстар өткізу. Қайырымдылық шараларын өткізу.
1 сәуір –
Күлкі күні
.
Оқушылардың, мұғалімдердің және ата-
аналардың арасында «Ең көңілді балалар» Көңілділер және тапқырлар
клубының сайысын, мысқыл мен күлкі кештерін өткізу.
1 сәуір –
Құстар күні.
Бұл күні әртүрлі сайыстар (топтық сайыс, сурет
сайысы), викториналық сұрақтар және жасанды құс ұяларын ілу
жұмыстарын өткізу. «Құстар - біздің досымыз» атты мерекеге келген
қонақтар мен қатысушыларға құстар жайлы әңгімелер айтылып, құстардың
түрлері таныстырылады. Жақсы өнер көрсеткен балалар мақтау қағазымен
марапатталып, сыйлықтар алды
.
2 сәуір –
Балалар кітабы күні.
«Кітап – алтын қазына», «Отбасындағы
кітап» немесе «Кітап – біздің досымыз» атты мектеп кітапханасында, басқа
балалар кітапханаларында түрлі экскурсиялар, конференция сабақтар,
«
Отаным да, үйім де киелі мекен қазақ жері» атты кітап көрмесін және жаңа
кітаптар көрмесі, кітап авторларымен кездесу ұйымдастыру.
3 сәуір
Достарыңызбен бөлісу: |