Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет65/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Қаражанова Қ.Ә.
 
Үздік оқырман: [Атырау облысы, Исатай ауд. 
Тұщықұдық ауылы, Ж.Мырзағалиев орта мектебінің кітапхана меңгерушісі 
оқырманның бойында кітапқа деген қызығушылықты арттыру, көпшілік 
алдында өз ойын еркін жеткізе білу мақсатында оқырмандарға арналған 
сабақ сценарийін ұсынады //Мектептегі кітапхана. – 2013. - № 4. – 13-14 б. 
 
Қуанышева А
.
Жылдың ең үздік оқырманы: [мектеп кітапханасында 
өткізілетін сайыс сабақтың сценарийі] /А.Қуанышева // Мектептегі кітапхана-
Школьная библиотека. – 2014. - № 1. – 33-35 б. 
Сімәділ Қ.
Бұрынғы оқу мен бүгінгі оқудың екі арасы / Қ. Сімәділ 
// Қазақ әдебиеті. - 2014. - 29 тамыз. 
 
 
7 сәуір - Дүниежүзілік 
денсаулық күні 
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні 1948 жылы құрылғаннан бері жыл 
сайын 7 сәуір күні аталып өтеді. Сол тарихи күннен бастап Дүниежүзілік 
денсаулық ұйымына екі жүзден аса мемлекет мүше болды. 1950 жылдан 
бастап денсаулық күнін өткізу дәстүрге айналды. Денсаулық күні адам 
өмірінде денсаулықтың маңызды екенін түсінуге және адам денсаулығын 
жақсарту үшін не істеу керектігін шешу мақсатында жүргізіледі.
Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні денсаулық сақтау 
ғаламшарының алдында тұрған жаһандық мәселелерге арналып «Ұзақ өмір 
сүру жолы - белсенділік», «Жүктілік – сенің өміріңдегі аса маңызды оқиға», 
«Климаттың өзгеруінен денсаулығымызды қорғайық» деген ұрандармен 
өтеді.
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру 
қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіруде, салауатты өмір салтын 
ұстанып өмір сүру үшін бұл мерекенің маңызы зор. Бұл күні бастауыш 


54 
сынып оқушыларына «Денсаулық – зор байлық» атты ата-аналармен бірге 
саяхат сабақ, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты дәрігерлермен жүздесу 
кеші, «Біз осы өмірді таңдаймыз» атты тренингтер, «Денсаулық – адамның 
бірінші байлығы» атты мектепішілік конференциялардың берері көп. 
«Денсаулық – зор байлық» атты саяхат сабақта оқушылар «Салауат», 
«Тазалық», «Табиғат» атты үш топқа бөлінеді. Әр топта бір-бірден ата-аналар 
отырады. Әр топтың алдына кішкен киіз үйлер яғни «Пікір алмасу ауылы», 
«Еңбек ауылы», «Мақал-мәтелдер ауылы», «Өнер ауылы», «Білім ауылы», 
«Денсаулық ауылы» атты бірнеше ауылдар тұрады, оларда әртүрлі 
тапсырмалар болады. Сабақ соңында «Жүректен жүрекке» атты бөлімде әр 
оқушы бір-бірлеріне жылы лебіздерін алдарындағы жатқан жүректерге 
жазады, бір бірлеріне береді де, «Денсаулық» ауылынан дәм татуға 
шақырады. Ата-аналар өз топтарындағы балаларға көмектесіп отырады.
«Денсаулық – адамның бірінші байлығы» атты мектепішілік 
конференциясында мектеп дәрігерлерінің және мектеп оқушыларының 
конференция тақырыбына сай әртүрлі баяндамалары оқылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет