131
Мал ұстауда сақталатын санитарлық нормалар
Мал иесі мал тұратын барлық орында мынадай санитарлық норманы сақтауға
міндетті:
• ағаш еден және таза төсем;
• қораның биіктігі 2,4
метрден кем болмауы керек;
• терезелер еденнен кемінде 1,3 метр биіктікте орналасауы керек;
• жем салатын астаудың көлемі – 600х700х100 см;
•
автоматты астаулар;
• жылытылған қабырғалар;
• таза ауа кіретін желдету жүйесі, бірақ жел өтпеуі керек.
Малға екпе егудің жалпы ережелері
Ветеринар асептика және антисептиканың жалпы ережелеріне сүйене отырып,
екпе жасайды. Барлық екпе жасалған мал ветеринар дәрігердің бақылауында бо-
луы керек.
- Егілген малдарда жергілікті реакциялар 1-3 күн ішінде толық сіңетін препарат
енгізілген орында сәл ісіну мен температура түрінде білінеді.
- Кейбір малда реакция барлық денесіне беріледі және екпеден кейінгі алғашқы
екі немесе үш күн дене температурасы көтеріліп, бойкүйездік пен әлсіздік болады.
- Екпелер, әдетте, дене температурасы қалыпты, денсаулығы дұрыс малдарға
жасалады.
- Ауру малдар, ауруға күдікті малдар немесе ауру малдардың жанында болған
малдарға екпе күдік тудырған ауруға қарсы сауықтыру-профилактикалық сарысу
екпесі егілгеннен кейін 5-7 күннен
кейін салынады
- Егер мал сау болса, сонда ғана екпе жасалады.
- Арық малдарға екпе жасалмайды.
- Егер мал ауру малдың жанында болған және белгілі бір аурудың «инкуба-
торы» болса, жасалған екпе осы ауруға қарсы
малдың жағдайын нашарлатады,
бұл жұқпалы ауруды табиғи түрде жұқтырғаннан да қатты ауырады. Мал екпеден
бұрын ауру жұқтырғандықтан, ауру инкубация кезеңінде болған және вакцина бұл
аурудың белсенді емес немесе тітіркендіргіш қоздырғышы болып табылады.
Сондықтан ауру жұқтырғаннан кейін екпе жасалған мал үш есе қатты ауыра-
ды және өліп кетуі де мүмкін. Егер ол аман қалса, онда тұрақты иммунитет пайда
болады. Сондықтан қай кезде қандай аурудан сақтану керек екенін білу керек, егу
уақытын өткізіп алмау, егу алдында 2 апта бойы антигельминтик пен вакцинация-
дан бұрын 1 ай бойы витаминдер беру қажет.
- Кез келген вакцинаның жарамдылық мерзімі (сақтаудың белгілі бір шарттары
бойынша) бар, мерзімі өткен вакцина зиянды.
Екпе жасаудың тиімділігі малды азықтандыру, күтіп
ұстау және құрттардан
уақтылы тазартуға байланысты.