«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Ауылшаруашылығы малын бірдейлендіру тәртібі



Pdf көрінісі
бет114/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   196
Байланысты:
edu kk

Ауылшаруашылығы малын бірдейлендіру тәртібі
– бірдейлендіруді жүргі-
зу үшін бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, ауылшаруашылығы малы туралы 
мәліметтерді ауылшаруашылығы малын бірдейлендіру бойынша деректер базасы-
на енгізу отырып таңба басу және ветеринарлық паспорт беру арқылы малға жеке 
нөмір беруді қамтитын малды есепке алу рәсімі. 


137
Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы No2331 қаулысымен бекітілген 
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесімен» реттеледі
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес 
ауылшаруашылығы малы міндетті бірдейлендіру рәсіміне жатады, бірдейлендіру 
рәсімі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мал ауруларының алдын алу және 
диагностикалау бойынша ветеринарлық өңдеуді іске асыруды бақылау және 
қадағалау мақсатында әрбір малды бақылауға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы малының мынадай төлдері:
- бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен 
кейін;
- құлындар – төрт айлығынан бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бір-
дейлендіріледі
Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіруді
жүргізу мемлекеттік қызметтерге 
жатады, бұл ретте 
ветеринариялық паспорт беріледі

Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандар мен облыс-
тық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік 
ветеринарлық ұйымдар көрсетеді.


138
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың (республика-
лық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған 
өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады; 
- ветеринарлық паспорттан үзінді көшерме беру – 30 (отыз) минут;
- сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген кезде (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) 
қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет малға жаңа жеке нөмір бере оты-
рып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) 
жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
- ірі қара малдың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда көр-
сетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап 
2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Чиптеуден басқа мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көр-
сетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет