Ақсу ауылдық округінің әкімі Н. Мұқашевтың 2017 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі Ауылшаруашылығы саласы



Дата22.02.2018
өлшемі99,76 Kb.
#38118
Ақсу ауылдық округінің әкімі Н.Мұқашевтың

2017 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Ауылшаруашылығы саласы

Елбасы саясатының негізгі бағыттарының бірі - ауылшаруашылығын дамыту. Мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асырудың нәтижесінде ауылшаруашылығы өндірісінің дамуында оң өзгерістер байқалуда.

2017 жылы ауылдық округ бойынша 2 мың 985 гектар жерге егіс дақылдары орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл - күріш егісінің көлемі 2148 мың гектар, ескі жоңышқа 645 гектар, жаңа жоңышқа 192 гектар болып отыр. Үкімет тарапынан егіс көлемдері үшін субсидия алуға құжаттар өткізіліп, төленді.

Ауылдық округ көлемінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мал басының өсуі байқалады. 2017 жылы Ақсу ауылдық округі бойынша малдың саны 5577, мүйізді ірі қара- 1757 бас, уақ мал- 2749 бас, жылқы-1016 бас , түйе-55 бас тіркелген.


"Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасының орындалуы

Ақсу ауылдық округі бойынша «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағытына сәйкес 2017 жылы 5 ауыл тұрғыны 5 жоба ұсынылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Бизнес кеңесші» мамандығы бойынша оқып сертификат алған Ноғаева Оразкул 1,3 млн теңге және Жүнісов Руслан 1,7 млн теңге көлемінде несиелер алып, мал бордақылау жұмыстарын бастап кетті. Осы бағдарлама арқылы «Бизнес-кеңесші» бойынша оқып, сертификат алған ауыл тұрғыны Байғанаева Ақтолқын қаржыландыруға оң қорытындысын тауып, қаржының түсуін күтуде. Бұл кәсіпкерлердің барлығы кіріс органына тіркелген.



Әлеуметтік сала

2017 жылдың ауыл бойынша жұмыс іздеуші ретінде тіркелген 39 ауыл тұрғындарының 8-і тұрақты жұмысқа орналасып, 26-ы қоғамдық жұмысқа тартылды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық округте экономикалық белсенді халық саны 811 адамды құрайды, қазіргі уақытта тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 7 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнге 0,63 % құрап отыр.

Ақсу ауылдық округі бойынша халық саны 1650 адамды құрайды және зейнетақы алатын 174 зейнеткер бар. 1-2-3 топтағы мүгедектер саны – 51. Округ бойынша 47 батыр ана, 2 Ауған соғысының ардагері, 1 Чернобыль апатының ардагері өздеріне тиесілі жәрдемақыларын уақытылы алып тұрады. Ауылдық округте үкімет тарапынан берілетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер бойынша 18 жасқа дейінгі көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 37 отбасының 162 баласына 35948,00 мың берілді.



Білім беру саласы

2016-2017 оқу жылында ауылдағы №116 орта мектепте жас ұрпаққа сапалы және саналы білім беруде жүйелі жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта мектепте 307 оқушы 2 ауысымда білім алады. Оларға 60 мұғалім білім береді, оның ішінде жоғары білімдісі - 58, арнаулы орта білімдісі-2. Мектепте барлығы 36 техникалық қызметкерлер қызмет етеді. «Балапан» бағдарламасы бойынша мектеп жанынан ашылған «Ер Төстік» шағын орталығында 18 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбие алуда. Мектепалды даярлық тобы бойынша 26 бала білім алуда. Биылғы оқу жылында мектепті 11 бала бітіріп, олардың 8-і ҰБТ-ке қатысып, орташа 76,8 балл, жоғары 96 балл жинады. Мектеп бітіушілердің 7-і жоғары және арнаулы оқу орындарына грант ұтып алып оқуға түссе, 4-і ақылы оқу орындарында оқып жатыр.



Денсаулық сақтау саласы

Ауыл орталығындағы емханада 1 дәрігер, 11 орта буынды медициналық, 5 техникалық қызметкерлер халыққа қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта 5 төсектік күндізгі стационар жұмыс істеуде. Есепті мерзімде 87 науқас тегін ем қабылдады. Ауылда 2017 жылдың 31 сәби туылған. Диспансерлік есепте артериалдық гипертониямен 207, жүрек ишемиялық ауруымен 60, бронхит 32, қант диабетімен 22 және онкологиялық аурулармен 9 адам және 1 бала науқас тіркеуде тұрады.



Мәдениет саласы

Ақсу ауылдық клубы 1976 жылы лайықтандырылған жобада салынған. 2016 жылы жәй жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың  41 мәдени шаралар өткізіліп, оған 4983 көрермен тартылды.

Клубта 4 үйірме жұмыс жасайды. Ән үйірмесі, көркемсөз үйірмесі, би үйірмелері «Асыл әжелер» ансамблі жұмыс жасайды. Үйірмеге 40 адам тартылған.

Ауылдық клуб жанынан мәдениүгіт бригадасы құрылып, егін науқаны кезінде егіншілерге концерттік бағдарламасымен «Бостай» учаскесінде өнер көрсетті. 2017 жылы аудандық бюджеттен 212,0 мың теңге қаржы бөлініп, ол қаржыға толығымен игерілді. Ауылдық клуб көркемөнерпаздар мүшелері аудана ұйымдастырылған 14- байқаудың 13 байқауына қатысып, 7-нен жүлделі орын алды, 4 облыстық байқаудың 1-нен жүлделі орынға иеленді және ауылда 1-кітапхана жұмыс жасайды, кітапханада 15988 дана кітап қоры бар.


Почта байланыс саласы

Елді мекенде 1-почта байланыс бөлімшесі жұмыс жасайды почтадан 1-адам жұмыспен қамтамасыз етілген почтадан 80 адам зейнетақы, еңбек ақы, жәрдем ақы сонымен қаттар ұшаққа, пойызға билеттер сатылады почталық жедел ақша аударым төлемдеріне жұмыс жасайды.



Бұқаралық спорт

Елбасы Жолдауларында халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында спорттық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету қажеттігі жөнінде тапсырма берілген болатын.

Елді мекенде 1 спорт зал, 1 спорт алаңы, 1 шағын футбол алаңдары халыққа қызмет көрсетуде.

Ауылда «Қайнар» спорт клубының дене шынықтыру инструкторы жұмыс атқаруда. Ауыл бойынша 285 адам спортпен шұғылданады. Жыл сайын ауылда «Деңсаулық фестивалі» ұйымдастырылып, оған ауылдың 150 ге жуық тұрғыны белсене қатысып келеді.



Санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары

Санитарлық тазалыққа бөлінетін 452 мың теңге қаражатқа орталық көшелердегі жинақталып қалған күл-қоқыстарды  шығару, егілген жас екпелерді әктеу жұмыстары жүргізілді.

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында бөлінген 3 млн теңге қаражатқа ауыл түрғындарының ауылдық округ әкімінің есебінде түскен ұсынысына сәйкес С.Даулетбеков көшесі және Т.Боранбаев тұйығына тас төселіп ағымдағы жөндеуден өткізілді, үнемделген 66 мың теңге қаржы бюджетке кері қайтарылды.

Көше жарығын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 2017 жылы 1,654 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржының 499,0 мың теңгесі жыл бойы көше жарығын техникалық қамтамасыз ету жұмыстарына жұмсалып, үнемделген 289,0 мың қаржы бюджетке қайтарылды.



Ауыз сумен қамтамасыз ету

Тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету - күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселердің бірі.

2014 жылы ауыл орталығында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес 166 млн теңге бөлініп, Ақсу ауылының ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары басталып, нәтижесінде бас су тарату кешені, 2 су сақтайтын резервуар, ауыз су желілері жүргізілді. 2015 жылы қалған 210 млн теңге қаржысына тиісті жұмыстар жүргізіліп, Ақсу ауылының таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қазіргі таңда толығымен шешілді.

Салықтық төлемдерінің орындалу

Ақсу ауылдық округі әкімі жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін нақтылау және пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін бекіту туралы ҚР қаржы министрінің 2013 жылы 26 тамыздағы №405 бұйрығын басшылыққа ала отырып өзіндік кіріс көздерін жергілікті салық түрлерін қалыптастыру бағытында салық базасын ұлғайту мақсатында округ көлеміндегі тұрғындардың үйлеріне мониторинг жүргізіліп зерделенді.

2017 жылы 9 тұрғын үй бой көтерген. Оның ішінде: 4 тұрғын үй жаңадан жер алып салған, 5 тұрғын үй ескі тамдарын жаңалап салуда, бұл үйлердің құрылысы толық аяқталған жоқ.

Сонымен қатар елді мекендегі тұрғын үйлердің мүлік салығын нақтылау мақсатында, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Жалағаш аудандық бөлімшесі арқылы бағаланған тұрғын үйлердің тізімін өз мәліметтерімізбен салыстырып, нәтижесінде тізімге енбей қалған 16 тұрғын үйдің тізімі нақтылынып, мәліметтері қайта жолданды.

2017 жылы аудандық ішкі істер бөлімі базасындағы автокөліктер мәліметтері салыстырылып, ауыл бойынша 127 жеке тұлғаның автокөлігі бар екендігі анықталып, көлік салығының қосымша түсуіне жұмыстар жасалды. 2017 жылға есептелген салық болжамдары, яғни мүлік және жер, көлік салықтарының болжамдары толық орындалды.

Ішкі саясат, қоғамдық ұйымдармен жұмыс

Есепті кезеңде ауылдық округі әкімі аппараты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен, ауылдық ардагерлер Кеңесімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Жыл барысында ауылдың ішкі өмірінде туындаған мәселелер, тұрғындардың арыз-шағымдары, тұрмысы төмен отбасыларының жағдайы, жастар жайлы, қоғамдық тәртіптің сақталуы, ауыз, аяқ су жайы және т.б. маңызды мәселелерді бірлесіп шешуде жұмыстар жасалуда. Аудан көлемінде өткізілетін түрлі спорттық шараларда ауыл ардагерлерінен құралған құрама командасы бас жүлделерді иеленсе, «Асыл әжелер» ансамблі түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

Ауылдық округ бойынша "Беркімбай кәлпе" мешіт жұмыс жасайды. Түрлі көлеңкелі діни ағымдар мен секталардың кері әсерінің алдын алу мақсатында қоғамдық тыңдаулар және ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ауылдық округте діни ахуал бірқалыпты.

Әлеуметтік әріптестік жұмыстары

Ақсу ауылдық округі бойынша әлеуметтік әріптестік келісім аясында 2017 жылы «Сәрке батыр» , «Ақсу елі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Талап», «Байтерек» «Ақсу» шаруа қожалықтары ауылдық округ көлемінде өткізілетін мерекелік шаралар мен қайырымдылық акцияларға белсенді түрде қатысып келеді. Осы шаруашылықтар «Мектепке жол» акциясына қатысып 118,0 мың теңгенің оқу құралдарын алып беріп, 155 қарт кісілерге қарттар күніне орай сый-сияпаттар жасады.

Ауылдық клуб жанынан құрылған "Асыл әжелер" ансамблі мен ауыл ардагерлерінен құрылған спортшылар командасы "Сәрке батыр" ЖШС қамқорлығына алынған. Тұрмысы төмен отбасыларының. Сонымен қатар, «Сарке батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 20 адамға, «Талап» шаруа қожалығы 5 адамға, «Ақсу елі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 адамға «Сыр ардагері» газетіне жазылуына демеушілік жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде қабылданған шаралар туралы

Ақсу ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген. Бекітілген жоспар бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.

Сенім телефонының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған жәшік халық көп шоғырланған жерлерде орналастырылған. Есептік кезеңде Ақсу ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық белгісі бар әрекеттер анықталған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштер уақытылы заңға сәйкес қарап, нақты шешім қабылданып отырады. Жер және тұрғын-үй мәселелеріне байланысты рәсімдеу жұмыстары заңға сәйкес ашық жүргізілуде.
2017 жылғы есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуы туралы

Ақсу ауылдық округінде 2017 жылдың қаңтар айында өткен аудан әкімінің есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындарының тарапынан ауыл тұрғыны, зейнеткер Д.Ижановтың: 1) Облыстық дәрежедегі автотрасса Ақсу ауылы үстімен салынған жағдайда мал жайылымына кедергі келтірмеуі қажет екендігі, 2) Аудандағы газдандыру мәселесі жөніндегі ұсыныс-пікірлері түскен.



Бірінші мәселе бойынша: Қазіргі таңда , «батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Жалағаш ауданы аумағындағы учаскесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Осы жолдың құрылысы аяқталуына орай, барлық көліктер бүгінгі күні аталған жолмен қатынауда.

Сондай-ақ, Қызылорда-Жалағаш бағытымен келіп, Жалағаш кенті арқылы қатынайтын автокөліктердің қарқындылығы бүгінгі күні төмендеді. Осыған орай Жалағаш кентін Ақсу елді мекені аумағынан айналып өтетін айналма жолдың құрылысын салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз және бүгінгі таңда қажеттілігі аз болып отырғандығы жөнінде шешім қабылданып, бұл жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хабарланды.



Екінші мәселе бойыншы: Биылғы жылы жалағаш және Тереңөзек кенттеріне ортақ автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы басталып, 2019 жылы аяқталады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 1,0 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген 134,0 млн теңгеге магистралдық желілер мен Жалағаш кентішілік желілер құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленеді. Келер жылы Жалағаш кентін газдандыру жұмыстарын бастау күтілуде.
Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен мәселелер қатары:

  • 2017 жылы «Сәрке батыр» ЖШС балансындағы ғимараттың бір бөлігі аудандық спорт мектебінің балансына беріліп, 2018 жылы сол спорт мектебін іске қосып, онда қазақша күрес, бокс, шахмат тағы басқа спорт түрлерінен топ ашу жоспарлануда.

  • Ақсу ауылы С.Дәулетбеков тұйығы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес көшеге тас төсеу және жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

  • Сонымен қатар, Ақсу – Жалағаш жол бойын жарықтандыру жұмыстары жоспарлануда.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет