Конспект жазу Орындаған: Сурамаева Б. Алматы, 2020 ж



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі147,13 Kb.
#84777
түріКонспект
  1   2
Байланысты:
атбпр
геометрия ашық сабақ, инкл, инкл, инкл, атбпр

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті



Әлеуметтік ортаны педагогикаландыру. Мектептің, ортаның, отбасының педагогикалық мәдениеті
Конспект жазу


Орындаған:Сурамаева Б.

Алматы, 2020 ж
Әлеуметтік ортаны педагогикаландыру. Мектептің, ортаның, отбасының педагогикалық мәдениеті. Конспект жазу
Ортаны педагогикаландыру ұстанымын С.Т.Щацкий және оның ізбасарлары негіздеді. Ол әлеуметтік педагогтың баланы тәрбиелеу үдерісі іске асырылатын ортаның немесе тәрбиелеу ықпалынан кейін баланың түсетін ортасы факторларының мүмкіндіктерін зерттеп-білуінің қажеттігіне және осы білімін нақтылы жағдайда адамды мақсатты түрде тәрбиелеу жұмысына пайдалануына назар аударды. Педагог орта балаға қоғамдық сипатта әсер ететіндіктен, оған қоғамдық фактор ретінде қарады. Тұрғылықты жері бойынша тәрбие жұмысын – қоғамдық педагогикалық жұмыс деп санады. Осылайша ол балалар мен жасөспірімдердің тіршілік қарекетіне орта әсерін педагогикаландырудың қажеттігіне назар аударды.
С.Т.Шацкий мектеп ортаны өзгертуге қатысуы қажет деп санайды. Тұлғаның шығармашылық дамуына ортаның теріс ықпалы байқалатын болса, онда оқу-тәрбие үдерісін арнайы ұйымдастырылған ортада жүргізу қажеттігін ұсынды.
С.Т.Щацкий әрбір тәрбиеленушінің жеке ойлағанынан гөрі педагогикалық ортадан тәрбиелеудің неғұрлым биік мұратын көре білді. Тәрбиеленуші осы мұратқа жақындай отырып, тәрбиелеуші ортаның өніміне айналады. Ол баланың осы социум талап еткен субмәдениетті сіңіруіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан, осы ортаны түсіну, яғни көру, сезіну, болжамдау және керек нәрсені құру қажет. Осы мағынасында орта факторы өзін құраушыларды тәрбиелеуде алдыңғы орынға шығады. Ол балаларды тәрбиелеудің алдыңғы құралы функциясын атқарады. Педагог үшін оң мәнді әлеуметтік- педагогикалық бағытта неғұрлым елеулі рөл атқаратын нәрсе - мектептің жақсы ұйымдастырылған педагогикалық (тәрбиелеуші) ортасы. Ерекше маңызды фактор - отбасындағы ортаны педагогикаландыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет