Конспект жазу Орындаған: Сурамаева Б. Алматы, 2020 ж



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі147,13 Kb.
#84777
түріКонспект
1   2
Байланысты:
атбпр

Ұстанымның мәні. Ұстаным негізінде баланың неғұрлым қолайлы жағдайда дамуы және тәрбиеленуі үшін, оның өмір сүру ортасын басқару мен тәрбиелеу үдерісінде талап етілетін жағдайларды мақсатты түрде туғызуға бағытталған педагогикалық ортаның тәрбиелеуші қызметін зерттеу қажеттігі жатады.

  • орта белгілі бір субмәдениетті білдіреді, оны есепке алуды, сондай-ақ, нақтылы баланы тәрбиелеу үшін неғұрлым мақсатқа сәйкес мәдени ахуалды құра білуді (ықпал ете білуді) талап етеді;

  • тәрбиелеу қызметінің мақсатын, технологиясын және орталық жағдайларын білу;

  • тәрбиелік мақсатқа жетуге ұмтылдыратын жағдайларды (мәдени-тәрбиелеуші ортаны) бағытты түрде құру;

  • тәрбиеленушіні өзін-өзі танытатын тәрбиелеуші ортаға қосудың көптеген түрлері мен әдістерін мақсатты түрде пайдалану;

  • тәрбиелеудегі ортаның жағымсыз факторларын бейтараптандыру және жеңудің мүмкіндігін қарастыру;

  • тәрбиеленушінің тәрбиелеуші ортада өзін-өзі танытуына түрткі болып, белсендіретін жағдайлар туғызу.

Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогикаландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру тұтас алғанда педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің педагогикалық әрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші - нормативті қызмет жасымен шектелмейтін, педагогика-лық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қаблетті педагог.
Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс отбасының педагогикалық үрдіс аясында жүреді. Мектеп оқушылары отбасының педагогикалық үрдісіне қатысатынын жəне осы үрдістің нəтижесі ата-ананың үрдісті қаншалықты саналы басқаратынына көбірек байланысты болатынын ескере отырып, осы екі педагогикалық үрдіс өзара байланысты деуге болады. Олардың нəтижелері қосылып, не оның тиімділігін арттыра түседі, не бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, онда тəрбиелік əсер едəуір төмендейді.
Балалардың екі педагогикалық үрдіске қатысуы отбасындағы тəрбие жұмысының жағдайын білу, ата-ананың педагогикалық мəдениетін көтеру, отбасындағы педагогикалық үрдістің оң жəне теріс жақтарын ескере отырып, мектептегі педагогикалық үрдісті жасау қажеттігін туындатады.
Балаларды тəрбиелеудегі əлеуметтендіру дегеніміз – индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл əлеуметтік жəне психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты əсер ету (кең мағынада алғанда тəрбиелеу) ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына əсер ететін тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады.
Ата-ананың отбасы – əлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым рөлін жоғалтты. Бұған жалпы тəрбиенің мəні де, ерекшелігі де, отбасының өзінің өзгеруі де əсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, əкенің дəстүрлі рөлінің əлсіреуі, əйелдердің еңбекпен шұғылдануы жəне т.б. Отбасындағы қарымқатынас стилі де өзгерді. Авторитарлық тəрбиенің күйреуі ата-ана мен баланың өзара қарымқатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше əрі эмоционалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні тəрбиелеуде атаананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мəселе маңыздырақ. Күшке сүйенетін билікке қарағанда, ата-ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ. Тəрбиелеудегі қарым-қатынасты жекелендіру оның мəнін арттырады, сонымен бірге бұл қатынастарды, əсіресе ата-ананың қарым-қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезеңде нəзіктендіре түседі
Тәрбиелеу жүйесінің табиғи және ашық болуының маңызын ашып, негізделен В.Н.Сорока-Росинский мен А.С.Макаренко. Мұны құруда олар әлеуметтік-мәдени орта үшін қажетті бейімделу мен өз қабілеттерін іске асыруда әлеуетті күшке ие болуға мүмкіндік туғызатын баланың жеке басын қалыптастырушы аса маңызды факторды көре білді. Тәрбиелеудің жабық жүйесі алысқа апармайтын еді. Жабық жүйеде тәрбиелеу үдерісінде туындайтын барлық жағымсыз сипатты үрдістер сақталады және оған сәйкес тәрбие ісіне кері әсерін тигізеді.
Еркіндік ұстанымына құрылған оқу-тәрбие үдерісі мемлекеттік мектептерден өзгеше болуы тиіс, мектепішілік жұмыста білімді бағалаудан, емтиханнан бас тарту, қайырымдылыққа негізделген орта құру, баланың күш-қуаты мен мүмкіндігіне сенім арту, оқыту талаптарының табиғи болуы, балаларға ешқандай тәндік жаза мен моральдық қысым көрсетілмеуі, оқушылардың оқу әдістері мен мұғалімдерді таңдауына ерік берілуі керек деп есептеді.
Оқуды еркіндік ұстанымына негіздеуді ұстанған педагог мектепті үкімет бақылауынан босату керек деді.
Еркін тәрбие тұжырымдамасы бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ортаның ықпалы күшті деп ескертеді. Баланың ерік сапасын қалыптасыруда ақыл-ой, адамгершілік, дене дамуын қамтамасыз ететін өнімді еңбектің маңызын ерекше атап көрсетеді.
С.Т.Шацкийдің педагогикалық еңбектерінде баланы еңбекке тәрбиелеудің теориялық және тәжірибелік қыры жан-жақты ашылып көрсетіледі. Ол баланың жас кезіндегі еңбегін өнермен және ойынмен тығыз байланысты дамыту қажеттігі туралы құнды пікірлер ұсынады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет