150
«БАСТАУ БИЗНЕС»
ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау, әдетте, тұтынушылық сапаның көрсет-
кіштері мен құндық көрсеткіштер бойынша Қазақстанда
жалпы қолданылатын
әдіс темелерге сәйкес жүргізіледі. Қолда бар аналогтармен өнімді салыстыру басқа
тауарлар арасындағы орнын анықтайды. Бұл кезеңде өнімнің (қызметтің) бағасы
анықталуы мүмкін.
Осы бөлімде кәсіпорынның құндық стратегиясына сипаттама келтіріледі.
Өнімге алғашқы бағаны анықтау сұранысты, бәсекелестердің бағасына талдау және
кәсіпорынның өнімді өндіру және сатуға кеткен шығындарын бағалау нәтижелері-
не негізделеді.
Баға стратегиясы мен баға белгілеу әдістемесін таңдауды негізінен екі фактор
айқындайды:
- нарық түрі (еркін бәсекелестік нарығы, олигополиялық нарық, монополистік
нарық;
- кәсіпорын мақсаттарының ерекшеліктері, негізгілері мыналар:
1) ағымдағы түсімді
барынша көбейту
2) нарықта белгілі бір үлесті алу
3) өнім сапасы жағынан көшбасшылықты алу
Достарыңызбен бөлісу: