Тақырыбы:«Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу». Мазмұны



Дата20.06.2018
өлшемі186 Kb.
#43667


Тақырыбы:«Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу».

Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………..3

Негізгі бөлім

Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.

1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері…....4

1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні……….....7

Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.

2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының

классификациясы………………………………………………....12

2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау………………………………...16

2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі…....….21

Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

3.1. Еңбек өнімділігін арттыру…………………………………….23

3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту.....25

Қорытынды…………………………………………………………...28

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………30


Кіріспе

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.

1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.

Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.

Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар

Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.

Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.

ТС = ҒС + VС

Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.

Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.

Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.

АТС(АС) =ТС/Q

Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).

а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q

б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q

Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.

МС= ТС/ Q

Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.

МС= VС/ Q

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.

Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.

Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.

Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағ-

дайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.

Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:


  • ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;

  • табиғи шикізаттарды қолдану;

  • өндірісті дайындау және үйрену;

  • өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);

  • рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;

  • өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигие-

налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;

  • қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;

  • өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т.б.

  • кадрларды дайындау және қайта дайындау;

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.

Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.


    1. Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.

Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негзгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы-ол шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын да басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.

Өнекәсіптің дамуының бөлек кезеңдерінде бұл шығындардың орнын толтыру көздері өзгеріп отырады. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылса немесе кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша, өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп отырады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың дамуын қамтамасыз ету, оларды толтыру көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің өзіндік құны немесе пайда.

Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі 2 түрлі факторға байланысты болады: бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.

Өнімнің өзіндік құны –синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық

жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің сапалы көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның атқаратын қызметтерімен де анықталады:

1) Өзіндік құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс құралдарының жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

2) Өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды.

3) Өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі , яғни олардың өндіру мақсаттылығы есептелінеді.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар 2 түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:



  1. Шығындардың алғашқы элементтері бойынша.

  2. Пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.

Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндірі шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.

Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.

Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері

шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар; өндіріс жұмысшыларына негізгі және қосымша еңбекақы; технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; Жалпышаруашылық шығындар; Коммерциялық шығындар; жалпыөндірістік шығындар.

Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы-оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің өзіндік құнын есептеуді білдіреді. Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде өзіндік құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның түр-түрі бойынша өндірілген өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.

Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрллі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді:

а)шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, участок);

б)жұмыс және қызмет көрсету түрлері бойынша;

c)өнім өндірісімен байланысты барлық шығындар жиынтығы екі негізгі элементтерге бөлінеді:



  • материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай, энергия, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтың ескіруі және т.б.);

  • тірі еңбекті қамтамасыз етуге шығындар (еңбекақы, әлеуметтік

сақтандыру, демалысқа, ауырған күндерге төлемдер және т.б. );

д) шығындарды басқаша топтастыру оларды мүмкін болатын өнім өндірісіндегі фирма ұйымдастырылуы, қызметі, яғни калькуляция статьялары бойынша бөлістірілуі мүмкін:



  • материалдар (шикізат, материалдар,сәйкес көліктік дайындау шығындары);

  • еңбекақыға тікелей шығындар(өндіріс процесінде жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы );

  • жартылай фабрикаттар және комплекттаушылар;

  • құрал-жабдықты ұстауға және жөндеуге шығындар;

  • цехтық (өндірістік) шығындар;

  • жалпышаруашылық шығындар;

е) дайын өнім шығындар құнын аудару әдісі бойынша:

  • тікелей шығындар;

  • жанама шығындар;

f) қалыптасу уақыты бойынша:

  • ағымдық шығындар;

  • болашақ кезең шығындары (өндірістің келесі кезеңінде қолдануға арналған ағымдық кезеңдегі өндіру );

Қазақстан экономикасындағы барлық салалары бойынша

кәсіпорындардағы жұмыс пен қызметке қосылатын өзіндік құнына қосылатын шығындарды бірегей анықтау мақсатында 1992 жылдың 30 шілдесінде Министрлер Кабинетінің Нұсқауы негізінде жүзеге асырылады. Қазақстанда өзіндік құнның қалыптасуы толықтай жетілмеген, ол өтпелі экономика және соған сәйкес мәселелермен байланысты. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындар бухгалтерлік есептің жаңа басты есептеу жоспарына көше бастады.




  1. Өнімнің өзіндік құнын талдау.

    1. Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы.

Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп және

калькуляциялау мақсатында оларды келесі түрде классификацияланады:



  • өндіріс түрі бойынша-негізгі және көмекші;

  • өнім түрі бойынша-жеке бұйымдар, біртекті бұйымдар тобы,

тапсырыс, өзгертулер, жұмыстар және қызмет көрсету;

  • шығындар түрлері бойынша-калькуляция баптары (өнімнің өзіндік

құнын калькуляциялау үшін және талдау есебін ұйымдастыру )

және шығын элементтері (шығындардың сметалық жобасын

құрастыру және шығындарының есебі);


  • шығындардың шығу орны бойынша-участок, цех, өндіріс, шаруашылық есептегі бригада.

Басқару жүйесінде шығындардың қалыптасуын тәжірибелік

қолдануда мақсатты түрде шығындар элементтері және калькуляция баптары бойынша шығындар түрлері есепке алып шығындар классификациясын қарастыру керек.

Калькуляция баптарының тізімін және олардың құрамын, бөлу әдістерін өнім түрлері, жұмыс және қызмет көрсету бойынша салалық әдістемелік нұсқамасының есептік жоспарлау сұрақтары және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өндірістің құрылымы мен есептік сипатына байланысты анықталады.

Мысал ретінде машина жасау зауытындағы кеңінен қолданылатын шығындар баптарының калькуляциясын қарастырайық.

1.Шикізат және материалдар.

2.Сатып алынатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар және кооперативтік кәсіпорын қызметтері.

3.Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.

4.Қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.

5.Негізгі және қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.

6.Өндірісті дайындауға және игеруге шығындар.

7.Құрал-жабдықты пайдалануға және ұстауға шығындар.

8.Цехтық шығындар.

9.Жалпы өндірістік шығындар.

10.Ақаулардан жоғалтулар.

11.Өндірістік емес шығындар.

Алғашқы сегіз шығын баптары цехтық өзіндік құнды құрайды. Цехтық өзіндік құн қосу жалпы өндірістік шығындар және ақаулардан жоғалтулар өндірістік өзіндік құнды құрайды. Нәтижесінде барлық 11 баптар өзалдына толық өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесідей өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізгі әдістері қолданылады:


  • Тікелей есептік;

  • Нормативтік;

  • Есептік-талдау;

  • Параметрлік.

Ең қарапайым және ең дәл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл әдісте өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауда жалпы шығын сомасын дайын өнім көлеміне бөледі. Бұл әдісті қолдану біртекті өнімді өндіретін кәсіпорындарда ғана мүмкін болады, осыған байланысты бұл әдіс шектелген түрде қолданады. Сонымен бірге ол калькуляцияның жеке баптарында шығындар туралы мәлімет көрсете алмайды.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның нормативтік әдісі кәсіпорындарда қолданылады, белгілі бір өнім бірлігінің өндірісіне нақты ресурс шығындарының өзгеру есебі нақты дәл көрсетілген. Ол материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалануға негізелген. Сонымен қатар осы ресурстарды

нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек. Олардың көлемін жүйелі түрде қарастырылуы қажет.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның ең дәл және жетілген әдісі есептік-талдау тәсілі. Сонымен бірге әдісте өндіріс адайын жн-жақты талдау және онда мүмкін болатын өзгерістерді талдау және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар қарастырылады. Норма және нормативтер негізінде жобаланатын кезеңдегі техника-экономикалық және ұйымдық шарт қалыптасады.

Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды калькуляциялау кезінде параметрлік әдісі қолданылады. Ол өнімнің сапалық сипатына байланысты өндіріс шығындарының өзгеру заңдылығын бекітуге негізделген. Осылайша, бұйымның өзіндік құнын матералдар мен құрал-жабдықтардың бір килограммдық, бір тонналық құны негізінде анықталады. Берілген өнімге тән басқада көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Осы әдіс бойынша өнімнің сапасын жақсартатын қосымша шығындарды анықтауға болады.

Қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калькуляция баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады, олар өзіне мыналарды қосады:



  • материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай және

технологиялық мақсатта қолданылатын энергия);

  • еңбекақыға шығындар (тікелей шығындар );

  • басқада тікелей шығындар;

  • өндірісті басқару және қызмет ету шығындары;

Кәсіпорын алдында өндіріс шығындары туралы дәл нақты және тез ақпарат мәселесі тұрады. Көп жағдайда кәсіпкер алдында белгілі ұсыным базасында шығындар калькуляциясын құрастыру міндеті тұрады Сонымен бірге шығындар калькуляциясының міндеті-бұл берілген нормалар мен жоспарлардан ауытқады анықтауға мүмкіндік беретін индикативтік сипттағы ақпараттарда алу, осы ауытқулардың себесін

анықтау және осы сияқты ауытқуларды азайту немесе ысыру шараларын қабылдау.

Калькуляциямен салыстырғанда, топау әдісі көбіне қолданылады, өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар (жұмыс, қызмет көрсету) олардың экономикалық мазмұнына сәйкес келесідей жалпы бірыңғай элементтер топтастырылады:


  • материалдық шығындар (қайтарымды қалдықтар құны есебімен);

  • еңбекақыға шығындар;

  • әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;

  • негізгі қорларға амортизация;

  • басқада шығындар;

«Материалдық шығындар» элементінде өндіріске, өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдың, жабдықтаушы бұйымдар және жартылай фабрикаттар, технологиялық және өндірісті қамтамасыздандыратын жанармай мен энергияның барлық түрі (ғимаратты жылумен қамтамасыз ету, көліктік жұмыстар және т.б.). Материалдық ресурс шығындарынан қайтарымды қалдықтар бағасы алынып тасталынады, оларға өнім өндірісі процсінде қалыптасқан шикізат қалдықтары, материалдар, жылу тасымалдаушылар, тұтынушылық қасиетін толықтай немесе біртіндеп жоғалтқан бастапқы өнім және соның негізінде жоғары шығындармен қолданылатын немесе тіптен тікелей мақсатта қолданылмайтын шығындар жатады.

«Еңбекақыға шығындар» құрамына кәсіпорынның (фирма) негізгі өндіріс персоналының еңбекақысына кеткен шығындар, өндіріс нәтижелеріне жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы, ынталындырушы және компенсациялайтын төлемдер, сонымен қатар кәсіпорынның (фирма) штатында тіркелмеген, негізгі қызмете жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы кіреді.

«Негізгі қорлар амортизациясы» құрамына негізгі өндірістік қорларды толықтай қалпына келтіруге жұмсалатын амортизацияық

аударымдар сомасы, олардың баланстық құныны бойынша есептеу және нормаларды орнату, және олардың актив бөлігіндегі жеделдетілген амортизацияны қоспағанда аударымдар кіреді.

Жоғарыда кетірілген шығын элементтері құрамына кірмеген басқа барлық шығындар, «басқада шығындар» элементтерінде көрініс табады. Олар салықтар, жинақтар, арнайы қорлардағы аударымдар, белгіленген ставка бойынша несиелік төлемдер, іс-сапарларға кеткен шығындар, байланыс қызметіне төлем және т.б.

Осылайша, шығындарды калькуляция баптары бойынша топтау шығындардың шығу орнын көрсетеді және барлық тауарлы өнім, өім бірлігін өткізу және өндіріске шығындар есебі және калькуляциясын жоспарлауға қолданылады. Ол көп жағдайларда шығындардың кешендік баптарын қамтиды.

Шығындар элемінті бойынша шығындарды топтау экономикалық элементтерді олардың шығу орны және шығындалу мақсатында тәуелсіз өзіне қосады. Заң бойынша бұлар тікелей шығындар. Нарық жағдайында отандық шаруашылықта шығындардың экономикалық жіктелуі оңайлатылып шетел тәжірибесіне негізделеді.
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау.

Үш өндірістік фактор-еңбек құралы, еңбек заты, еңбектің өзі-өнімнің өндірісі және өзінді құнды анықтайды.

Өзіндік құнды азайтуды талдауда осы негізгі экономикалық элементтер арасындағы шығындар арқылы енгізуге болады. Бірақ тәжірибеде мұндай талдауды енгізу қиын, себебі шығын мен өзіндік құнның калькуляциясының есебі экономикалық элементтер арқылы емес, ол элементтер кешенді түрде көрсетілетін шығындар абында көрсетіледі (мысалы, жалпы цехтық шығындар).

Өнімнің бірлігіне өзіндік құнды анықтау.

Өзіндік құнды есептеуге қажетті ақпарат кәсіпорынның бухгалтер-

лік құжаттарынан, жабдықтаушылар шоттрынан, еңбекақы есептерінен, материадарды жіберуге жарналардан, шығындық ведомостволардар және т.б. алуға болады.

Өнім бірлігіне өзіндік құнды толық есептеу алдында белгілі уақыт кезеңіндегі өнім өндірісіне жалпы шығындарды білу қажет.

Жалпы шығындар тікелей және қосымша болып бөлінеді.

Тікелей шығындарға өнімге қосылған материалдар құны, жұмысшылар еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруларғааударымдар. Бұл шығындарды шығарылған өнім немесе өнім топтарына тікелей қатысты қылуға болады.

Жанама шығындар-бұл фирманың қызмет етуіне қажетті шығындар: құрал-жабдықты ұстау бойынша шығындар, арендалық төлемдер, коммуналдық қызметтің бағасы, коммерциялық шығындар, өнім өндірісі процесінде жұмысбасты емес персоналдың еңбекақысы, несиелер бойынша пайыздар және т.б.

Шығындарды осылайша бөлу қызмет түріне тәуелсіз әр типті кәсіпорында қолданылады. Қызмет түріне тек өзіндік құн құрылымындағы тікелей және жанама шығындар арасындағы пропорция ғана тәуелді болады.

Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеуге мысал ретінде ТОО «АСЕЛЬ» фирмасының бір батон өндірісіне жіберілетін шығындарды есептеуі қарастырылады:

Тікелей шығындар

1.Шикізат және материалдар

Нанның бірлігін өндіруге қажетті шикізат пен материалдардың калькуляциясы кезінде онымен байланысты шығындардың барлығы есепке алынады; мүмкін болатын жоғалтулар мен бүлінулер, сонымен қатар сәйкес көліктік дайындау шығындары.

Атауы

Саны

Бағасы

Сомасы

Ұн

0,400 кг

27 тенге/кг

10,80 тенге

Ашытқы

0,010 кг

150 тенге/кг

1,5 тенге

Тұз

0,010 кг

20 тенге/кг

0,2 тенге

Витаминдер

0,005 кг

300 тенге/кг

1,50 тенге

Барлық шығын







14,00 тенге

2.Тікелей еңбек

Тікелей еңбекті калькуляциялау үшін еңбекақы туралы есепті қарастыру керек:

а) Фирмада 6 жұмысшы бар делік, олар өндіріс процесіне тікелей қатысады және тариф бойынша жалақы алады, қажетті й сайынғы 5000 тенге сомасындағы аударымды қосқанда:

6 жұмысшы х 5 000 тенге/жұм.орны = 30 000 тенге/айына

б) Еңбекақыға жылдық шығын сомасы есептелінеді:

30 000 тенге х 12 ай = 360 000 тенге/жыл

с) Жұмыс уақытының жылдық қоры есептелінеді:

47 апта х 41 сағат х 6 жұмысшы = 11 562 сағат

д) Тікелей еңбектің бір сағаттық бағасы есептілінеді:

360 000 тенге/ 11 562 сағат = 31,14 тенге-сағат

е) Нанның бір батон өндірсіне қажетті уақыт 0,1 сағат болса, өнім бірлігіне кеткен тікелей еңбек бағасын аламыз:

0,1 сағат х 31,14 тенге/сағат = 1,868 тенге = 3,1 тенге

Енді өнім бірлігіне тікелей шығынды есептеуге болады:

Материалдық шығындар 14,0 тенге

Тікелей еңбек 3,1 тенге

Тікелей шығыдардың барлығы / өнім бірлігіне 17,1 тенге

Жанама шығындар

Бұл шығындардан басқа фирманың шығындары болады, оларға: құал-жабдықты алуға, пайдануға және жөндеуге шығындар, өндіріс

алаңының арендасы, канцеляриялық шығындар, коммерциялық шығындар және т.б.

Келер жылдағы шығындар келесідей дерлік:

Ғимарат арендасы 120 000

Құрал-жабдық амортизацияы 10 000

Құрал-жабдықты пайдалану 5 000

Басқада персонал еңбекаысы 15 000

Коммерциялық шығындар 6 000

Банк несиесіне кредиттер 35 000

Жанама шығындардың барлығы 191 000

Инфляция кезінде тікелей және жанама шығындарды инфляция пайызына көбейту қажет. Егер инфляция жылына 15 % болса, онда:

өнім бірлігіне тікелей шығындар 17,1 х 115% =19,67 тенгені құрайды

жанама шығындар 119 000 х 115% = 219 650 тенге

Шығындар соммасы өнімді өткізу бағасына қосылу жолымен өткерлуі тиіс. Өнімнің бір түрлі өндірісі жағдайында өткерілу өте оңай жүреді, бұл кезде мүмкін болатын шығын сомасы мүмкін болатын өнім өндірісіне бөлінеді. Жоспарланған кезеңдегі өнім өндірісі құрал-жабдықтың еңбек өнімділігі, жеткізілетін шикізат көлемі, өткізу нарығы және т.б. сияқты көптеген көрсеткіштердің есебін бағалаумен жүзеге асырылады.

Жоспарланған жылға өнім өндірісінің көлемі 180 000 нан бірлігі дерлік. Бұл бізге жанама шығын және бір батон кезеңіндегі шығындар көлемін есептеуге мүмкіндік береді:

219 650 / 180 000 = 1,22 тенге/бірл

Өнім бірлігінің өзіндік құны

Енді нанның өткізілуінің толық өзіндік құнын анықтауға болады:

Тікелей шығындар 19,67 тенге

Жанама шығындар 1, 22 тенге

Өзіндік құн/бірл 20,89 тенге

Жанама шығындар есебінің білу қажеттілігін ескере отырып, 180 000 бірлік орнынына 50 000 нан бірлігі өткізілі дерлік

Онда өнім бірлігіне жанама шығындар көлемі мынаны құрайды:

219 650 / 50 000 = 4,393 тенге / бірл = 4,39 тенге/ бірл,

Бұл өз кезегінде өнім бірлігінің жалпы бағасына әсер етеді:

19,67 + 4,39 = 24,06 тенге / бірл

Бұл жағдайда фирма өндіріс қуатын толықтай пайдаланбай отыр, өнімнің өзіндік құны бірінші жағдайға қарағанда көбірек болып отыр.

Бұл өнім бірлігіне табыстың азаюына, өндірістің шығындалуына, сату бағасының өсуіне әкеледі, әрине бұл жағдайлар өнімді өткізу көлеміне негативті түрде әсер етеді.

Осы жерде тікелей шығындарды өнімнің бағасының өсуі немесе шығындалуға, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің төмендемейтіндей деңгейде ұстау және бақылау қажеттілігі туындайды.

Әр түрлі бұйымдар өндіретін фирмада жанама шығындар әр түрлі өнімдер бойынша бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін қандай да бір критерий қажет. Осындай «бөлістіру кілті» мыналар болуы мүмкін:



    • өнімді өндіруге қажетті уақыт мөлшері;

    • өнім өндірісіне кететін тікелей еңбек мөлшері;

    • өнім өндірумен айналысатын өндіріс алаңы;

    • Өнім өндірісіндегі негізгі қорлар бағасы және т.б.

Осы әдістердің ішінен шағын өндіріс көбіне өнімге кететін тікелей еңбек көлемін бөлістіру әдісін қолданады:

а) Тікелей еңбектің бір сағаттық жанама шығынын есептеуде барлық жанама шығындарды барлық тікелей жұмыс уақытына бөлінеді:

219 650 / 11 562 = 19,00 тенге / сағат

б) Әрбір өнімге жанама шығынды есептеу үшін, өнім өндірісіне қажетті тікелей уақыт мөлшерін жанама шығындардың сағаттық құнына көбейтеміз;

0,1 х 19,00 тенге/сағат = 1,9 тенге/бірл.

2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі.

Кәсіпорынның өндіріетін әрбір өнімнің толық өзіндік құнын біле отырып, сатып алушыға осы өнімнің өткізілу бағасын немесе құнын анықтауға болады.

Әрине, өткізу бағасын орнатқан кезде төмендегідей басқада элементтерді ескеру қажет:


    • бәсекелестер бекіткен осы сияқты өнімдердің бағасы;

    • берілген өнімге сатып алушы төлеуге келісетін-баға;

    • сапасы жағынан ұқсас басқа бұйымдар бағасымен салыстыру;

Мысалы, кәсіпкер өз шығындарын (тікелей және жанама) жабқысы келеді, және 20% табыс алғысы келеді:

Толық өзіндік құн 20,89 тенге

Табыс 4,18 тенге

Сату бағасы 25,07 тенге

Бұл жағдайда кәсіпкер сатудан 20% табыс ала алмағанын көруге болады. Табыс тек қана 16,8%-ды құрайды (ол 4,18 және 25,07 арасындағы қатынаспен есептелген) және табсы нормасы ( маржасы) деп аталады.

Бұл жерде есептелген баға, тек өнімді өткізуге қажетті бағаны ғана көрсетеді.

Осындай сападағы нанды фирма 22 теңгеге сата отырып ( толық өзіндік құннан жоғарырақ), фирманың жақсы табыс табуы қиынға соғады. Сондықтанда фирма өзіндік құнды осы өнімге ұқсас өнім өндірушілердікінен жоғары болмайтындай етіп, түсіруі қажет болады.

Егер өзіндік құн құрылымын қарастыратын болсақ, фирманың өндіретін наны басқа бәсекелестердікіне қарағанда дәрумендендірілген.

Фирмаға осы ерекшелікті ескеру қажет, осы ерекшелікті тұтынушыға жеткізу үшін фирма сәйкесінше ақпараттық және

жарнамалық компанияның қызметін қолдану қажет, бұл компанияның көмегімен фирма өзінің өнімінің басқа өндірушілер өнімімен салыстырғанда қосымша қаситтері бар екенін жария ете алады. Оған тұтынушыларды өзінің өнімінің бағасының жоғары болуының себебі әртүрлі дәрумендермен байытылғандығына байланысты екенін сендіру қажет.

Басқа жағдайда фирмаға басқаша стратегияны таңдау қажет болады, тіпті өндірістік шығындарды азайтып және өз өнімінің бағасын нарықтағы бағамен теңестіру үшін витаминдерден бас тартуға мәжбүр болады. Әйтпесе, оның өнімі нарықтағы бәсекелестердің өнімінен жеңілу қаупі болады.

Бұл жағдайда өнімді қандай бағамен сатуға тырысатын әр түрлі нұсқаларды қарастыру қажет.

Әрине, өнімге бағаны құн арқылы орнату тәсілінен басқа да нұсқалар бар.

Өндірістің жаңа жүйесі шаруашылық ерекшелігін, шығын дәрежесін, өнім сапасын ескере отырып дұрыс баға жүйесін жасауды талап етеді. Бірақ кәсіпорындардың өндірісін тиімділік жағынан теңестіру үшін өнім түрлерінің сату бағасына жоспарлы түрде үстеме қосылады немесе кемітіп сатуға пайыз белгіленеді. Бағаны белгілеу үшін салалық өнімнің толық өзіндік құнын алады, сонан соң оған өзіндік құннан белгіленген мөлшердегі рентабелділікті (сомасын) қосады. Сөйтіп пайданы өзіндік құнмен салыстырып дұрыс баға белгіленеді. Пайданы толық өзіндік құнан белгіленген рентабелділік арқылы есептеп шығарады. Өндірісті одан әрі дамыту үшін өнімді сатқаннан түскен ақша барлық жұмсалған шығыннан (өзіндік құннан) артып, қажетті мөлшерде пайда әкелуге тиіс.




3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

3.1. Еңбек өнімділігін арттыру.

Жоғарыда аталғандай еркін бәсекелестік жағдайында кәсіпорын (фирма) өндірген өнімге баға автоматты түрде орнатылады. Оған нарықтық баға қалыптастыру заңдары әсер етеді. Сонымен қатар әрбір кәсіпкер максимальді мүмкін пайда алуға тырысады. Осы жерде Өнім өндірісі көлемін өсіретін, оның толықтырылмаған нарықтағы қозғалысына әсер ететін факторлардан басқа, осы өнімді өткізу және оның өндірісіне шығындарды төмендету, өндіріс шығындарын төмендету мәселесі туындайды.

Дәстүр бойынша шығындарды азайтудың маңызды жолдарының бірі болып өндіріс процесінде тұтынылатын ресурстардың барлық түрлерін тиімді немесе эконоиды пайдалану: еңбектік және материялдық.

Өзіндік құнды азайтуда еңбек өнімділігін арттыру қажет. Еңбек өнімділігі-еңбек шығынының тиімділігін арттыру. Бұл өндіріс процесінде

жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі, нәтижелілігі, жемістілігі. Қызметкерлердің еңбек өнімділігі бір уақыт өлшемі ішінде өндірген өнімнің немесе орындалған жұмысының көлемі (мысалы, 1 сағатта 10т өнім шығарады), немесе бір өнімге кеткен уақыт (10т өнім алуға 1 сағат уақыт жұмсады) немесе ұлттық табыс мөлшерімен есептелінеді.

Еңбек өнімділігі=Жиынтық қоғамдық өнім / Жұмыс атқаратындар саны

Кәсіпорын деңгейінде:

Еңбек өнімділігі=Q (өнімнің саны)/ Т (уақыт)

Еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс уақытын үнемдейтін факторларға назар аударылады. 1) жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;

2) жұмыста кездесетін тиімсіз үзілістерді азайту. Жұмыс уақытын ұтымды, үнемді пайдалануға техника мен технологияларды жетілдіріп, өндірісті, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, ал екінші әдіске - өндірістің жоспардан тыс тоқтап қалуын қысқарту, сөйтіп үзілістерді азайту

жолдарымен қол жеткізеді.

Еңбек өнімділігінің көрсеткіші қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартумен тікелей байланысты. Еңбек өнімділігі арттқан сайын еңбекақы – оған төленетін ақы да өсіп отыруы тиіс. Жалақының еңбек өнімділігінің өсу қарқынан кейін қалуы немесе артып кетуі дұрыс емес. Бұл қатынас бұзылса, ол еңбек өнімділігін арттыруға деген материалдық мүдделілікке кері әсер етеді.

Осылайша, өндірістің шығындар құрылымындағы көп бөлігін еңбекақыға шығындар алады ( Қазақстан өнеркәсібінде 13 -14 % , дамыған елдерде – 20 -25 % ). Сондықтанда шығарылатын өнімге еңбек сыйымдылығын азайту, еңбек өнімділігін өсіру мәселелерінде өндірістің әкімшілдік қызметтігі персоналдың санын азайту орынды болады.

Еңбек өнімділігін арттыру оны ұйымдастыруға да көп көңіл бөлу қажет: жұмыс орындарын дайындау, оның толықтай жұмыс жасауы, еңбектің арттыруға басқада әдістерді қолдану.

Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында Кәсіпорындарда жұмыс күшінің бәсеке қабілеттілігін, сапасын жоғарылату қажеттілігі мына факторлармен анықталады:


    • Өндірістік ресурс ретінде персонал құнының өсуі;

    • Еңбекті тиімді қолдануды және ұйымдастыруды жаңа әдістерді талап ететін бәсекелестер тарапынын қысым;

    • Өндірісті басқаруда және ұйымдастыруда жаңа әдістерді талап ететін технологиялық өзгерістер;

    • Өз жұмысшыларының потенциалының өсіміне кәсіпорын басшыларының әлеуметтік жауапкершілігі;

    • Автоматтандырылған жүйелердің енгізілуі және оларды басқаратын жұмысшылардың квалификациялық деңгейінің сәйкестілікті талап ету;

    • Жұмысшылардың интелектуалдық дайындығын арттырудың қажеттілігі.

    1. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту.

Өндіріс процесінде қолданылатын шығындардың мөлшерін азайту үшін үнемі экономикалық талдау жасау қажеттілігі туындайды.

Өндіріс процесінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар дайындалған өнімнің өзіндік құнының мөлшеріне тікелей әсер ететіндіктен шығындардардың қандай да статьясынан үнемдеу мүмкін болса, өнімнің өзіндік құны да азда болса төмендейді.

Өнімнің өзіндік құнын азатуды қамтамасыз ететін жалпы факторларға мыналар жатады:



    • Шикізат, материал, электроэнергия және жанармайды экономдау;

    • өндірістің негізгі құралдарын қолдануды жақсарту;

    • ресурсүнемдеуші жаңа технологияларды қолдану;

    • өнімді өткізу бойынша шығындарды азайту;

    • кәсіпорынның тауар саясатын қайта қарастыру;

    • жұмысын тоқтату және ақаулардан жоғалтуларды азайту;

    • сатып алынатын материалдардың оптимальды көлемін және өндіріс процесінде өндірілетін өнім көлемінің дұрыстығын қадағалау және бақылау;

    • жалпы заводтық (жалпы шаруашылық) және цехтық шығындарды азайту;

Шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесі үнем тәртібін қатаң сақтап өзіндік құнды төмендетуді көздейді. Өнімнің, жұмыстың өзіндік құны материал мен еңбек ресурстарының үнемделу, өндірістің техникамен жарақтану дәрежесін, сонымен бірге шаруашылық есеп негіздерінің сақталуын көрсетеді. Кәсіпорындардың өзіндік құнына өндірістен тыс сатуға жұмсалған шығынды қосып өнімнің толық өзіндік құнын есептеп шығарады. Толық өзіндік құн - өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындар жиынтығы, құнның негізгі бөлігі.

Өнекәсіптегі өнімнің өзіндік құнын талдау тауарлы өнімнің 1 теңгеге шығынын қысқартудан басталады, өйткені ол өзіндік құнның негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол өзіндік құн динамикасын және шығын деңгейін сипаттайды. АҚ «Рахат» тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы шығындар динамикасы 1-таблицада көрсетілген.

АҚ «Рахаттың» 1999 жылдың ақпан-желтоқсан айларындағы

тауарлы өнімінің 1 теңгеге шаққандағы шығындарын талдау.


қ/с


Шығындар бабы



1 теңгеге шаққандағы шығындар

Желтоқсан

Ақпан-желтоқсан

1995

1996

Ауытқу

1995

1996

Ауытқу

1

Шикізат және негізгі материал

48,48

48,06

-0,42

61,5

49,07

-12,43

2

Көмекші материалдар

4,37

3,94

-0,43

4,14

5,33

1,19

3

Отын

7,62

2,74

-4,88

5,78

4,71

-1,07

4

Электр энергиясы

0,45

0,61

0,16

1,2

0,95

-0,25

5

Айлық еңбек ақы негізгі

2,1

3,83

1,73

6,01

6,0

-0,01

6

Айлық еңбек ақы қосымша

1,87

4,3

2,43

0,06

1,35

1,29

7

ЕА-ға есептеулер

1,97

1,41

-0,56

2,2

2,22

0,02

8

Құрал-жабдықты пайдалану

-23,44

4,82

28,26

26,21

9,22

-16,99

9

Цехтық шығындар

4,58

7,2

2,62

16,48

14,08

-2,4

10

Жалпы заводық шығындар

8,03

4,71

-3,32

23,81

14,23

-9,58

11

ФЗС

56,01

81,62

25,61

147,38

107,18

-40,2

12

Өндірістік емес шығындар

1,16

3,06

1,9

4,31

5,31

1

13

Толық өзіндік құн

57,17

84,68

27,51

151,69

112,49

-39,2

14

1 теңгеге шаққ. ТӨ-ге шығын

57,17

84,68

27,51

151,69

112,49

-39,2

15

Үстеме(накладной)шығ. м, тг

-9,68

19,79

29,47

70,81

42,85

-27,96

Осы мәліметтерді қарастыра отырып, мынадай қорытындыға қоытынды жасауға болады, 1995 жылмен салыстырғанда фабрика 1996 жылы жақсы жұмыс жасаған. Таблицада көрсетілгендей фабрикада тауарлы өнімнің теңгеге шаққанда шығындары төмендеген. Ең төменгі нәтиже «шикізат және материалдар» бөлігінде 12,43 теңгеге, «құралдарды пайдалану» бөлімінде 16,99 теңгеге және жалпы өндірістік шығындар 9,58 теңгеге жеткен.

Бұл кәсіпорынның жұмысын жалпы оптималдаумен байланысты және де шикізатты тиімдірек пайдалнумен, ескі құрал-жабдықты жаңасымен алмастырумен байланысты болды. «Көмекші материалдар» бөлімінде өсім байқалады, ол 1996 жылдан бастап өнімнің басқаша және әшекейлі ұсақ орамамен қапталуына байланысты болды.

Өнімді толық өзіндік құнмен сатады, өткізеді. Неғұрлым өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады. Өзіндік құн тікелей кәсіпорындарда қалыптасады. Халық щаруашылығы бойынша орта есеппен өнімнің өзіндік құны шамамен алғанда оның құнының ¾ бөлігіндей болады. Өзіндік құнды төмендетудің негізгі жолдары : өнім көлемін көбейтіп, сапасын арттыру, ғылым мен техника жаңалықтарын және қалдықсыз технологияларды өндіріске енгізу, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс қорларын ұтымды пайдалану, өндіріс циклын қысқарту, ұйымдастыру мен басқаруды жақсартып оған кететін шығындарды азайту, өндіріс қалдықтарын толық пайдалану, өндірістің тоқтауын және шығын мен ақауды азайту, дер кезінде жүргізілетін бақылау, есеп пен экономикалық талдау, айналым қаржыларының айналуын тездету, тағы басқалар.

Келешекте өзіндік құнның кейбір шығын түрлерінің ғылыми-

техникалық прогресс, механикаландыру, автоматтандыру, электрлендіру,

химияландыруға байланысты үлес салмағы едәуір өзгеретін болады.

Өзіндік құн категориясын қолдану, оны бақылау, талдау өндірістің ішкі мүмкіндіктерін ашуға, оны жұмылдыруға көмектеседі. Ондай резервтер барлық кәсіпорындарда да болады. Өндіріс көлемі жыл сайын өсіп отырады, соған сәйкес шығын да көбейеді. Бағаның да негізі - өзіндік құн. Осыған байланысты өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.



Қорытынды

Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірісіне шығындар тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар- ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді.

Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Кәсіпорын өнімді толық өзіндік құнмен сатады, өткізеді. Неғұрлым өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады.

Кәсіпорынның өндіріетін әрбір өнімнің толық өзіндік құнын біле отырып, сатып алушыға осы өнімнің өткізілу бағасын немесе құнын анықтауға болады. Өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.

Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.



Пайдаланылған әдебиттер

  1. Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.

  2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. . Экономика предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.

  3. Жалпы экономикалық теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004

  4. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.

  5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие успеха/ В помощъ предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000

  6. Сабырбаев Б. Экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995

  7. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.

  8. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.

  9. Экономика предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.

  10. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999

  11. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов / Под ред. Проф В.Я Горфикеля, проф В.А. Швандара. -3-е изд, перераб и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет