172
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
9-МОДУЛЬ. САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
9.1. ЖК ретінде мемлекеттік тіркелу
9.2. Салық міндеттемесі, салық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да
төлемдер түрлері, салық режимдері
9.3. Шағын бизнес үшін арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері
9.4. Шаруа немесе фермер қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімін
өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері
9.5. ЖК үшін жалпыға бірдей салық режиміні қолдану ерекшеліктері
9.6. ЖК қызметін уақытша тоқтату және қайта жалғастыру
9.1. ЖК РЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛУ
Жеке кәсіпкер ретінде (бұдан әрі – ЖК) тіркелу үшін жеке тұлға e-license пор-
талы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі
– Корпорация) арқылы электронды түрде ЖК қызметінің басталғандығы туралы
хабарламаны тұрғылықты мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органына
ұсынады.
ЖК қызметінің басталғанын растайтын хабарламада берілген деректер өзгер-
ген жағдайда, міндетті түрде уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша мемлекеттiк тiркеу фактiсiн
растайтын құжат 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап берiлмейді.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігін Қазақстан Республикасының Қаржы ми-
нистрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің kgd.gov.kz ресми сайтында «Салық төлеу-
шілерді іздеу» бөліміндегі «Электрондық сервис» қосымшасынан немесе Салық
төлеушілер кабинетінен көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: