171
Есептеудің екінші нұсқасы: бағасы мен шығыстарды білеміз.
Осы нұсқа әлемдік тәжірибеде кең таралған. Көп жағдайда компания жобаны
іске асырар кезде нарық тауарды қай бағамен сатып алуға дайын екенін және қай
бағамен тауар өзінің нарықтағы
жайғасымына сәйкес келетінін,
сонымен қатар
жобаның дамуына жұмсалатын тұрақты және ауыспалы шығыстарды біледі. Осы
жағдайда біз шығыстардың қазіргі деңгейінде нөлдік пайдаға шығаратын көлемді
анықтауымыз қажет. Бұл ретте залалсыздық нүктесін табуға формула көмектеседі:
X = FC / (P-VC), мұнда VC – өнімнің 1 бірлігінің өзіндік құны, Р – тауардың 1
бірлігінің бағасы, ал FC – жобаның тұрақты шығыстары.
Excel-де екінші тәсіл бойынша залалсыздық нүктесін қалай есептеуге болаты-
нына мысал келтірейік. Біз алма өндіретін компания ашып жатырмыз делік. Өн-
дірісіміздің тұрақты шығыстары 7500 теңге, 1 бірліктің өзіндік құны – 35 теңге, ал
тиелім бағасы – 75 теңге құрайтынын білеміз. Жобаның залалсыздық нүктесінде
өндіріс
көлемін есептеу қажет, ол үшін жоғарыдағы формуланы қолданайық.
Достарыңызбен бөлісу: