24
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН
ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
8) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту са-
ласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекен-
дерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру
қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша ай-
қындалады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асы-
ратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін кре-
диттер/микрокредиттер беру тетігі:
1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық
округтер мен
елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары
бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талап-
тарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту ор-
талықтарына жүгінеді;
2) микробизнес ашуды жоспарлайтын, кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту курста-
рынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және қызығушылық та-
нытқан үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасына немесе Бағдарламаның бірінші
бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;
3) халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек нарығы»
ААЖ-да тексеру
нәтижелері бойынша оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар
(микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлерді агроөнеркәсіптік кешенді
дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микрокредит
беру қағидаларын-
да көзделген құжаттарды қоса бере отырып, кредит/микрокредит алуға арналған
өтінішпен МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға жіберіледі;
4) МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/
микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны береді
және шешім қабылдайды;
5) МҚҰ/КҚ/«АШҚҚҚ» АҚ шағын несие берілген күннен бастап, тоқсан күн ішін-
де микрокредиттің нысаналы пайдаланылуын бақылайды. Микрокредиттерді ны-
саналы пайдалану туралы есеп тоқсан сайын жүзеге асырылып отырады, шағын не-
сие беру туралы ережелерде белгіленген нысан бойынша, есепті кезеңнен кейінгі
10-күнге дейінгі мерзімде шағын несиелік МҚҰ/КС ұйымына ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: