«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


-қағида.  Бастыларына мән беріңіз Уақытты босатудың әрекеттегі техникасы – делегирлеу.  Делегирлеу



Pdf көрінісі
бет12/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   196
Байланысты:
edu kk

5-қағида. 
Бастыларына мән беріңіз
Уақытты босатудың әрекеттегі техникасы – делегирлеу. 
Делегирлеу
– өз істеріміздің бір бөлігін басқа адамдарға жүктеу тәсілі
4D ережесі
Есте сақтаңыз!
Кез келген тапсырмаларды басқа біреуге беру тиімді болса (қаржы және 
уақыт шығыны тұрғысынан), онда ол тапсырмаларды басқа адамдарға 
берген жөн. Сіздің жеке уақытыңыздың құны жоғары болған сайын, соғұр-
лым қосымша және маңыздылығы төмен істерді басқа адамдарға жүкте-
геніңіз жөн. 


20
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Уақытты үнемдеудің тағы бір маңызды дағдысы 
«жоқ» деп айта білу

«Жоқ» деп айта білу, ең алдымен, сізге ешнәрсе әкелмейтін, қайтарымы жоқ 
істер мен адамдарға айтылады. 
6-қағида. 
Өз тәжірибеңізді талдап, тайм-менеджменттің ережелерін құрыңыз. 
Өз қателеріңізді зерттеп, оны түзетудің жолдарын іздеңіз. Егер уақытыңыздың 
босқа кетіп жатқанын сезінсеңіз, тоқтап, талдау жасап, үзілістен кейін өз әрекет-
теріңізді оңтайлы етуге тырысыңыз. 
7-қағида. 
Демалуды жоспарлаңыз
Табыс пен жеке тиімділіктің соңына түсіп кетпеңіз, демалысты да ұмытпаңыз. 
Уақытты басқаруда жақсы демалыс – табыстылықтың маңызды құраушысы. 
Табысты бизнеске жол жеңістерден ғана тұрмайды, бұл – жеңілістер де, бұл – 
сенімділік пен күмән, бұл – өзін өзін дамытуға жол екенін ешқашан ұмытпаңыз.
Табыстылық факторлары – сіздің керемет өміріңіздің іргетасы.
Жаттығусыз олимпиада чемпионы бола алмайтыныңыз секілді, табысқа жету 
жолында жәрдем беретін, табыстың жету негізін қалайтын табыстылық факторла-
рын білу қажет. 
Табысты болудың тағы да бір маңызды факторларына табандылық пен 
сенімділікті жатқызуға болады, яғни таңдаған мақсатыңызға жетудегі табандылық 
пен өз-өзіне деген сенімділік. У. Черчиль өз шәкірттеріне «Ешқашан, ешқашан, 
ешқашан, ешқашан жеңілмеңіз» деп айтқан. 
Сенімділікке ие болу үшін біреулерге өзімен ұзақ та табанды түрде жұмыс 
жасауы керек, ал кейбірі бала кезінен өзі өзіне сенімді. Көбінде өзіне деген 
сенімділікке әлеуметтік аспектілер мен жеке жетістіктер себеп болады. Сондықтан 
да алдымен әлеуметтік пікірден сырттап, өзіңді дамытумен жұмыс жасаған жөн. 
Өзіне сенімді адам жетістіктерін, ал өзіне сенімсіз адам сәтсіздіктерін үнемі 
еске алады. 
Біз енді мақсатымыз болып, қаржылық тәуелсіздікке ұмтылсақ, онда біздің 
қолымыздан барлығы да келеді. Енді Брайан Трейсидің постулаттарын келтіріп 
көрейік.
Брайан Трейсидің табысқа жетудің 6 факторы:
1. Өмірде өз құндылықтарыңызды анықтаңыз
2. Өзіңізге қаржылық еркіндік не екенін анықтаңыз 
3. Қаржылық еркіндікке қалай жететіңізді анықтап, жоспар құрыңыз
4. Бір мақсатты таңдаңыз және тез арада әрекет етіңіз! 
5. Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды анықтаңыз.
6. Өзіңізді әрдайым жетілдіріп отырыңыз.
«Менің қолымнан келмейді» немесе «мен мұны істей алмаймын» деген ойдан ау-
лақ болыңыз. Кез келген тәжірибені оң қабылдаңыз, сізді не нәрсе де, яғни жеңіс те, 
жеңіліс те табысқа жетелейді.


21
2-МОДУЛЬ. СТАРТАП, ШОБ ЖӘНЕ АГРОБИЗНЕСТІ 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ
2.1. ШОБ-ты мемлекеттік қолдау құралдары: «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды 
және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған 
бағдарламасы
2.2. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай 
бағдарламасы
2.3 «Агробизнес 2017-2021» Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік 
кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы
2.4. Микрокредиттеу, кепілдендіру, субсидиялау
2.5. ШОБ субъектілерін несиелеу ерекшеліктері. Микрокредит алу үшін құжаттар 
тізбесі мен кезеңдері
2.1. ШОБ-ты МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ: «ЕҢБЕК» 
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ 
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА 
АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
ШОБ-ты мемлекеттік қолдау құралдары – халыққа кәсіпкерлік қызметті қалып-
тастыруға және дамытуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және 
көтеруге, өмір сүру деңгейін жақсартуға көмек көрсету. Яғни қарапайым сөзбен 
айтқанда, бұл бизнесті жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлермен қатар, қазіргі 
таңда қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсету болып табылады. 
Алдағы кезде сізге қолдау көрсететін қосымша ақпарат алуға болатын бағдарла-
маларды қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет