17
Уақытты текке жоғалту «уақытты тонаушыларға» байланысты, бұларға күні
бойы өзіміз істейтін, орынды екеніне мән бермейтін, жүздеген мәнсіз, ұсақ істерді
жатқызуға болады: поштаны жиі тексеру, әлеуметтік желілердегі хабарламалар
мен ақпараттарды қарау, әріптестермен мән-мағынасы жоқ әңгімелер.
Адамның істің негізгі мақсатынан ауытқуға бейімдігі маңызды әрі қажет ша-
раларды «жақсы күндерге», яғни кейінге қалдырғысы келетіндігімен түсіндіріледі.
Парето принципі – әлеуметтанушы Вильфредо Парето енгізген эмпирикалық
қағида, жалпы алғанда «іске 20% күш салу 80% нәтиже береді, ал қалған 80%
күш-жігер тек 20% нәтиже береді» дегендей қалыптастады.
Уақытты басқаруға қосымшада бұл қағида былай көрініс тапқан:
Істің 20%-і (және кеткен уақыт) 80% нәтиже береді; істің 80%-і (және кеткен
уақыт) 20% нәтиже береді. Осыған байланысты, алдымен, істің жоғары нәтиже бе-
ретін 20% бөліп алып, содан бастау керек.
Басымдықты тиімді орналастыру үшін тағы бір құрал «Эйзенхауэр матрицасы»
деп аталады. Саяси және әскери қызметкер, АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр өте
табысты адам болып, барлық ағымдағы істерді 4 санатқа бөлген:
• Шұғыл және маңызды;
• Маңызды, бірақ шұғыл емес;
• Шұғыл, бірақ маңызды емес;
• Маңызды да емес, шұғыл да емес.
Бірінші санат:
Шұғыл және маңызды – ең алдымен, бүгін және қазір істейтін
істер: оларды кейінге қалдыру болашақта көптеген қиындықтар туғызады. Оларды
бағыныштыларға беруге болмайды – оны өзіңіз дереу жасауыңыз керек.
Екінші санат:
Маңызды, бірақ шұғыл емес істер. Назар аударыңыз, сіздің
күш-жігеріңіз осында жұмсалуы тиіс!
Бұл – матрицаның ең тиімді секторы. Сіз мұнда шын мәнінде ойланып, жоспар-
лап, нақты істермен айналысасыз.
Үшінші санат:
Шұғыл, бірақ маңызды емес – олар сіздің көп уақытыңызды алуы
мүмкін. Сондықтан ондай істерді басқа біреуге беруіңізге болады.
Төртінші санаттағы
істерді (маңызды да емес, шұғыл да емес) күнделікті
тізімнен қорықпай сызып отырсаңыз болады.
«Эйзенхауэр матрицасы» негізінде күнделікті кестені толтырып отырсаңыз бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: