«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Салық төлеу бойынша тәуекелдер



Pdf көрінісі
бет8/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   196
Байланысты:
edu kk

Салық төлеу бойынша тәуекелдер
Іс-әрекет
Тәуекелдер (бұл несімен қауіпті?)
Мемлекеттік кіріс органының 
салық есептілігін ұсынуды 
тоқтата тұру туралы шешімінің 
қолданылуы кезеңінде 
қызметті жүзеге асыру 
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің
271-бабы. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін 
ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы ке-
зеңінде қызметті жүзеге асыру ескерту жасауға әкеп соға-
ды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде 
қайталап жасалған әрекет – жекеше нотариустарға, жеке 
сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 
40 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады. 
Кредит мерзімінің аяқталуына 
дейін ЖК қызметін тоқтату
Салық органы үш жұмыс күні ішінде қызметін тоқтату ту-
ралы салық өтінішін алған күннен бастап: қызметін тоқта-
татын жеке кәсіпкердің банк шоттарындағы ақша қалдығы 
мен қарыздары туралы ақпараттарды беру туралы банктер 
мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізетін 
ұйымдарға хабарлама жібереді. Сәйкесінше кредит бойын-
ша қарыздар анықталған жағдайда ЖК кредит бойынша қа-
рызды мерзімінен бұрын жабуы тиіс немесе оның қызметін 
тоқтатуға кредит сомасын толық жапқанша тыйым салынады
12 ЕТЖМ (339 408 теңге 
2018 жылы) аса жылдық 
табыс тапқан жағдайда
Міндетті салық есептілігінде тұруы тиіс
Салықтарды төлеуден жалтару Қазақстан Республикасының Салық кодексінде орнатылған 
мөлшерде айыппұлдар, өсімпұлдар салынады. Банк шотта-
рына тыйым салынады


15
Ісіне жауапсыз кәсіпкер болмас үшін сізге: 
Барлық заңнамалар, ережелер, нормалар мен Кәсіпкерлік кодексі, Азаматтық 
кодекс, Әкімшілік кодексі, Салық кодекстері міндеттемелерін орындап, 
Қазақстан Республикасы Конституциясы аясында қызмет жасау; 
• Кредит бойынша берешекті төлеу шартының барлық міндеттемелерін 
орындау;
• Кредитті толық өтемейінше ЖК-ны жаппау;
• Салықтар мен басқа да міндеттемелерді төлеудің барлық мерзімдерін сақтау;
• Кредитті мақсатқа сай пайдалану;
• Жалған қол қою, мөр, құжаттар мен сатып алу-сату шартын қолдан жасамау;
• Кәсіпті бастағанда маркетингілік зерттеулер мен өнімді өткізу нарығының 
талдауын пайдаланып, анағұрлым табысты, жоғары пайда әкелетін, сұранысы 
бар бизнес-идеяларды таңдау;
• Қаржы-заңгерлік сауаттылығыңыздың болуы және өміршең бизнес-жоспар 
құру қажет.
Жоғарыдағыны қорытындылай келе, заңсыз жұмыс жасап, үлкен айыппұл мен 
өсім төлегенше заңды жұмыс істеген тиімді, заңгерлер айтпақшы, заңды білмеу жа-
уапкершіліктен босатпайды.
1.4. МАҚСАТ ҚОЮ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ БЕЛСЕНДІЛІК
«Мақсатқа жету мотивациясы» түсінігінің қолданылуы адамның белсенділігін 
түсіндіруге бағытталады, яғни «мен табысты бизнесмен болғым келеді» деген мүд-
десі көп болған сайын, мақсатқа табысты жетуге ықтималдығы күшейеді, бірақ биз-
нес тәжірибесінде барлығы ондай мақсат қоймайды. 
Осындай мәселелер бизнес адамының мақсатқа жетудегі белсенділігіне әсер 
етіп, мақсаттарды теріс құру арқылы негативті анықтайды. Бизнеске келу себебінің 
«Кедейшілік өмірден шаршадым», «Менің түсінгенім, кәсіби салада менде болашақ 
жоқ және басқа нәрсемен шұғылдану қажеттігін түсіндім» деген секілді ойлары 
осындай мақсат құруға мысал бола алады. Мұнда адамның жеткісі келетін мақсаты 
емес, керісінше неден құтылғысы келетінін түсіндіруге болады. 
Мақсатқа жету мотивациясы
– бір сөзбен айтқанда, тану, құрметтеу мен әлеу-
меттік маңыздылық секілді негізгі қажеттіліктерден туындайтын адамның табысқа 
жетуіне ұмтылысы. 
Стивен Ковидің анықтамасы бойынша дағды – білім, біліктілік пен қажеттіліктің 
ұштасуы. Білім – не жасау керек және не үшін керек екенін анықтайтын теориялық 
парадигма. Біліктілік қалай жасау керектігін анықтайды. Ал қажеттілік – жасағым 
келеді деген мотивация. Қандай да бір нәрсені дағдыға айналдыру үшін осы үш 
нәрсе керек. Мен қызметкерлеріммен, әйеліммен және балаларыммен қарым-қа-
тынаста тиімсіз болуым мүмкін, себебі оларға үнемі өз көзқарасымды айта отырып, 
олардың көзқарасын тыңдамауым мүмкін. Егер мен адамдармен қарым-қатынас 
жасаудың дұрыс қағидаларын ұғынбасам, мүмкін оларды тыңдау керектігін түсін-
бес те едім. 


16
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Қазақтың тойларында ең көп айтылатын «Аңсаған армандарыңа жетіңдер» де-
ген тілек. Бұл – өте тамаша тілек, бірақ көбіне орындала бермейтін тілек. Бұның 
басты себебі – біздің армандарымыз анық емес, бұлыңғыр, ең бастысы – қағазға 
түсірілмеген, жүйеленбеген, орындалатын уақыты мен оған қажетті ресурстар бел-
гіленбеген. 
Дүниедегі ең бай, үлкен жетістіктерге жеткен 500 адаммен сұхбаттасып, сол 
30 жылдық зерттеуінің негізінде «Ойлан және байы» деген кітап жазған Наполеон 
Хиллдің айтуынша, 100 адамның екеуі ғана өз арман-тілегін қағазға түсіріп, жүйе-
леп, жоспарлап, сол жоспар негізінде өмір сүреді екен. Әдетте, сол адамдар үлкен 
жетістіктерге жетеді. Наполеон Хиллдің мына сөзін мектептер мен мекемелердің 
маңдайшасына, мәрмәр тасқа қашап жазып қою керек. Хилл мырза: «Адамның са-
насы неге сенсе, адам соған қол жеткізе алады», дейді. Оның айтуынша: «Менің, 
қазіргі тілмен айтқанда, миллионер таныстарым бар. Солардың біреуін бала күні-
нен білемін, ол «40 жасымда бір миллион долларлық дүние-мүлкім, жақсы үй мен 
қымбат көлігім болуы керек» дейтін. Айтқанындай болды. Бай болуы үшін адам сол 
байлықты жақсы көруі керек, сол байлықтың бейнесін көзіне елестетіп, санасына 
сіңіруі керек. Байлықты, байларды жек көретін адам ешқашан бай бола алмайды. 
Мұндай адамдар «түстік өмірің болса, кештік мал жина» деген қағида бойынша 
өмір сүрмейді. 
Иә, кәсіпкер болу қиын шығар, бірақ миллионерлердің төрттен үш бөлігі осы 
кәсіпкерлер қатарынан екен. Тағы да айта кету керек, адам табысқа қателіктер жа-
сай отырып, күрмеуі қиын мәселелерді шеше отырып жетеді. 
Бизнесте мақсат қою – ең үнемді (рентабельді) жолдармен жетуге болатын 
және мақсаттарды құру көзқарасынан адамның өз қызметін тәжірибелік тұрғыда 
ұғыну. Мақсаттар SMART талаптары бойынша құрылу қажет. 
SMART
– мақсаттар құру процесінде мақсаттарды нақты анықтау критерий-
лері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет