«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет141/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   196
Байланысты:
edu kk

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 
Арнайы салық режимін (бұдан әрі – АСР) қолдануға болмайды: 
1) Төмендегі қызметтерді атқаратын ЖК үшін: 
- акцизделетін тауарлар өндiруді;
- акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме бағамен сату;


179
- мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және ма-
зутты сату;
- лотереяларды ұйымдастыру және өткізу;
- жер қойнауын пайдалану;
- шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;
- түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (сақтау), 
сақтау, өңдеу және сату;
- кеңес беру қызметтері;
- бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;
- сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру 
және брокерлік қызметі;
- құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;
- қаржылық лизинг шеңберінде қызмет.
2) әртүрлi елді мекендерде салық салу объектiлерi бар ЖК-лар;
3) агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн ЖК арнаулы салық 
режимін қолдануға 
құқығы жоқ
.
9.3. ШАҒЫН БИЗНЕС ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Арнаулы салық режимі (АСР) – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін 
белгіленген және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін салықтың және төлемдердің 
жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ салық 
есептілігін табыс етуді қарастыратын бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Шағын бизнес субъектілері үшін АСР-ді келесі шарттарға сәйкес келетін ЖК-лер 
қолдануға құқылы:
1) салық кезеңіндегі 
жұмыскерлердің орташа тізімдік саны
оңайлатылған де-
кларация негізінде және тіркелген шегерімді пайдаланумен АСР бойынша қызмет-
керлердің санынан аспайды;
2) салық кезеңіндегі патент 
бойынша кіріс
оңайлатылған декларация негiзiнде 
және тіркелген шегерімді пайдаланумен АСР-де көзделген шектен аспайды.
ЖК үшін АСР-ге (арнайы салық режимі) мыналар кіреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет