«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Кәсіпкерлік субъектілері төмендегі санаттарға бөлінеді



Pdf көрінісі
бет153/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   196
Байланысты:
edu kk

Кәсіпкерлік субъектілері төмендегі санаттарға бөлінеді:
• шағын кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;
• орта кәсіпкерлік субъектілері;
• ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Бір немесе басқа санатқа тағайындалу:
• қызметкерлердің орташа жылдық саны
• орташа жылдық кірісне байланысты. 
Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны барлық жұ
-
мыскерлерді есептегенде, соның ішінде:
• аталған субъектінің оқшауланған бөлімшелері, филиалдары мен өкілдіктері 
жұмыскерлерін 
• жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда анықталады.
Жылдық орташа табыс сомасы бұл: 
• Жылдық жиынтық кіріс
• шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысы


195
Кәсіпкерлік субьектілері
Жұмыскерлерінің жылдық 
орташа саны
Жылдық орташа кірісі
Микрокәсіпкерлік 
субъектілері
15 адамнан аспайтын
30 000 АЕК мөлшерінен 
аспайтын
Шағын кәсіпкерлік 
субъектілері 
100 адамнан аспайтын 
300 000 айлық есептік 
көрсеткіш (АЕК) 
мөлшерінен аспайтын
Ірі кәсіпкерлік субъектілері
250 адамнан асатын
3 000 000 АЕК мөлшерінен 
асатын
Шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын жеке кәсiпкерлер орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерi болып табылады.
МАҢЫЗДЫ:
АЕК дегеніміз не?
Айлық есептік көрсеткіш
 (АЕК) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін, сондай-ақ 
айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін керек;
Ең төменгі жалақының мөлшері деген не?
Ең төменгі жалақы мөлшері
 
(ЕТЖМ) – ең төмен әлеуметтік стандарты білік-
тілікті қажет етпейтін қарапайым еңбек қызметкері қалыпты жағдайларда 
және айына жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын 
орындаған кезде оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең 
төменгі мөлшерін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет