194
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН
ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға осы Кодексте көзделген
тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республика-
сының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдық-құқықтық
нысанда құрылуы
мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысандары:
• Шаруашылық серіктестік;
• Акционерлік қоғам;
•
Өндірістік кооперативтер;
• Шаруа қожалықтары;
• Жеке кәсіпкерлік.
Қазақстандағы жеке кәсіпкерлік:
1) кәсіпкердің өзі ғана іске асыратын жеке кәсіпкерлік;
2) Бірлескен кәсіпкерлік – ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық бизнес не-
месе қарапайым серіктестік болып бөлінеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтындар:
- есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айна-
лымына
байланысты қызмет;
- акцизделетін өнімдерді өндіру және (немесе) көтерме сату;
- Нанға арналған астықты сақтау бойынша қызмет;
- лотерея өткізу;
- ойын бизнесі және
шоу-бизнес саласындағы қызмет;
- аккредиттеу, сертификаттау, метрология және
сапаны басқару саласындағы
қызмет;
- Мұнай, мұнай өнімдерін, газды, электр және жылу энергиясын өндіру, өңдеу
және сату жөніндегі қызмет;
- Радиоактивті материалдарды айналымға шығаруға байланысты қызмет;
- сақтандыру нарығында банктік қызмет (немесе оның кейбір түрлері) және қы-
змет түрлері (сақтандыру агентінің қызметін қоспағанда);
- Аудиторлық қызмет;
- бағалы қағаздар
нарығындағы кәсіби қызмет
Достарыңызбен бөлісу: