«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Жұмыскерлерді басқарудың негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет167/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   196
Байланысты:
edu kk

Жұмыскерлерді басқарудың негізгі бағыттары
1. Жұмыскерлерді іріктеу – өз бизнесіңіз үшін адамдарды таңдай білу қажет.
Сіздің кәсіпорныңызда кімнің немен айналысатынын түсіну, лауазымдық 
нұсқау лықтарда міндеттерін жазып көрсету қажет.
Осыдан туындата отырып, осы жұмысты жақсы орындауға қабілетті адамдарды 
іріктеу.
2. Даму – жұмыскерлерді оқыту
3. Негіздеу – адамдарды тиімді еңбекке ұмтылдыруды үйрену.
4. Жұмыскерлердің есебін жүргізу – барлық жағдайда ҚР еңбек заңнамасының 
талаптарын сақтау.


213
Жұмыскерлердің есебі мыналардың көмегімен жүргізіледі:
- Еңбек шарттары
- Ұжымдық шарт
- Жұмыскерлердің жеке істері
- Жұмыс берушінің актілері (бұйрықтары)
- Жұмыс уақытын есептеу табельдері 
Еңбек шарты
– жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, 
бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орында-
уға, еңбек тәртібен сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген 
еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасы-
ның заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық 
актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек 
жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы 
төлеуге міндеттенеді;
Еңбек шарттарының сипаттық белгілері осы шартқа қол қойған жұмыскердің 
ішкі еңбек тәртібіне бағынуы және жұмыскердің азаматтық-құқықтық шарттар 
үшін, мысалы, мердігерлік шарты немесе тапсырма шарты үшін сипатты болатын 
жекелеген тапсырмаларды немесе бір реттік тапсырыстарды орындау тәртібінде 
емес, жұмысты тұрақты негізде орындау міндеті болып табылады.
Еңбек шартының 2 түрі бар.
Жеке еңбек шарты
– бұл жазбаша нысанда жасалатын жұмыскер мен жұмыс 
беруші арасындағы екі тарапты келісім, ол бойынша жұмыскер нақты мамандық 
бойынша жұмысты орындауға міндеттеледі.
Ұжымдық шарт – әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін оқшауланған нор-
мативтік құқықтық акт. 
Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары еңбек шартымен 
бекітіледі. Еңбек шарты тараптардың әрқайсысы үшін біреуден, 2 данада толтыры-
лады. Еңбек шартында тараптардың құқықтары мен жауапкершіліктері жазылады. 
Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:
- Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау
- Жұмыскердің еңбегін уақытылы төлеу (еңбекақының ең төменгі деңгейінен 
төмен емес)
- Оған демалыс күндерін беру (аптасына бір немесе екі)
- Оған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру (24 күнтізбелік күннен кем 
емес)
- Сырқаттанған күндеріне ақша төлеу
Жұмыскердің негізгі міндеттері:
- Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау
- Қауіпсіздік техникасын сақтау
- Еңбек тәртібін сақтау
Бизнесті сауатты құқықтық сүйемелдеу фирма ішінде де және сыртқы контр-
агенттермен де тиімді бизнес-процестер құруға кепіл болып табылады. Өз кезегін-
де, электронды мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алуға болатын әртүрлі 
электронды алаңдар бар. Ол туралы толығырақ келесі «Бизнес үшін электрондық 
қызмет негіздері» 11-модулінде танысуға болады. 


214
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
11-МОДУЛЬ. БИЗНЕС ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ 
ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ
11.1. Базалық цифрлық дағдылар және ашық үкімет 
11.2. ЭЦҚ алу және қолдану тәртібі, электронды үкімет порталы, жеке кабинетте 
жұмыс істеу дағдылары (www.pki.gov.kz және www.egov.kz)
11.3. Электрондық қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері
11.4. Мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай порталы www.goszakup.gov.kz
11.5. Электронды коммерция
11.1. БАЗАЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАР ЖӘНЕ АШЫҚ ҮКІМЕТ
Хабарламадағы байланыс, онлайн төлемдер, электронды қызметтер – барлық 
заманауи адамның күнделікті істерінің бөлігі болып табылады.
2018 жылы Қазақстанның әр облысында (аудан орталықтарында, ауылдар мен 
қалаларда) халықты саналы сауаттылыққа үйрету бойынша курстар жүргізілуде. 
Оқу курстары бір немесе төрт дағды бойынша біліктілігін арттыруды қалайтын-
дарға тегін беріледі:
1. «Негізгі цифрлық дағдылар». Оларға дербес компьютер мен ноутбук, мобиль-
ді құрылғылар, Интернетті сенімді пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік және дерек-
терді қорғау тақырыбына әсер етеді.
2. «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер». Тақырып 
электронды үкімет порталымен жұмыс істеу дағдыларын қамтиды, соның ішінде 
үйден шықпай-ақ қажетті электронды мемлекеттік қызметтерді алу.
3. «Ашық үкімет». Бұл тақырыпты оқыту ашық мемлекеттік порталдың төрт 
құрамдас бөлігін пайдалану дағдыларын қамтиды: ашық деректер, ашық норма-
тивтік актілер, ашық диалог және бюджеттер.
4. «Электрондық коммерция». Тренинг блогы онлайн-тауарлар мен қызмет-
терді сатып алу, сату және насихаттау дағдыларын қамтиды.
Кәсіпкерлерге көмек ретінде көптеген интерактивті алаң құрылды, онда нақты 
уақыт режимінде Сіз бизнесмен ретінде, қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес 
алуға, мемлекеттік қызметке тапсырыс беруге, белгілі бір процедуралар өту үшін, 
мысалы, сол кәсіпорынды тіркеуге болады (бизнесіңізді мемлекеттік тіркеуді 9-мо-
дульде «Салық режимдерінің ерекшеліктері» тақырыбында танысқанбыз). «Бизнес 
Аумағы» бірыңғай интернет-порталы (https://business.gov.kz) мен нарық монито-
рингі және сараптама орталығы «ATAMEKEN SERVICES» (https://services.atameken.
kz) осындай алаңдардың бірі болып табылады. Мұнда Сіз барлық қолданыстағы 
мемлекеттік қолдау бағдарламалары , кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік 
құқықтық актілер, кәсіпкерлік субъектілерінің қорғау шаралары, мемлекеттік ор-
гандардың мемлекеттік сатып алуы, жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық 
компаниялар туралы ақпаратты табасыз. 
Бұл интерактивті алаң, нақты уақыт режимінде әр түрлі қызметтер мен кеңес 
алуға, сондай-ақ алдын-ала бағдарламаларға немесе жобаларға қатысуға өтініш 
беруге мүмкіндігі бар.


215
Яғни бұл портал бизнесменге немесе өз ісін ашуға ниеттенген азаматқа қажетті 
барлық ақпарат ұсынылған алаң болып табылады, онда қажетті барлық сілтемелер 
бар. Келесі кәсіпкерге қажетті электрондық нұсқаулық - ол «Ашық үкімет».
«Ашық үкіметтің» мақсаты айқын есеп беруге міндетті мемлекетті құру, мемле-
кеттік басқаруда азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сыбайлас 
жемқорлықпен күресті күшейту, сондай-ақ мемлекеттік басқарудағы тиімділікті 
арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді. 
Ашық үкімет 5 компоненттен тұрады: «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық 
бюджеттер», «Ашық диалог» және «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін 
бағалау». 
Жоғарыда аталған компоненттердің дамуы демократиялық мемлекеттің дең-
гейін көтеруге, азаматтардың мемлекетті басқаруға кеңінен қатысуына, сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күреске, әлемдік сенімге, мемлекеттік органдардың тиімді жұ-
мысына, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімге, инвестициялар 
тартуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет