Өсімдіктерді қорғау
Кәсіби тәжірибе негізінде өсімдіктерді заманауи, білікті тәсілдермен қорғау
табыс табуға, сапаға кепілдік береді, еңбек жағдайы мен еңбек шығындарын үнем-
дейді.
Өсімдіктерді қорғаудың тікелей тәсілдері:
1. Механикалық тәсілдер
2. Биологиялық тәсілдер
3. Химиялық тәсілдер.
Механикалық тәсілдерге
ауру қоздырушылар мен арам шөптердің екпе
өсімдіктерге әсер етуіне жол бермейтін және солармен тікелей күресетін барлық
шаралар жатады:
- Зақымдау басталғанда-ақ зақымданған өсімдіктерді отау;
- Арамшөптерді торлы тырмамен отау, өңдеу;
- Тамырлы арамшөптер мен шөптерге қарсы топырақты қопсыту және тырма-
лау, мысалы, бидайықты;
- Зақымданған өсімдік қалдықтарын терең жырту, мысалы, жүгері откөбелегі
зақымдаған кезде;
- Қақпан құру, мысалы, дала тышқанына.
Биологиялық әдістер
өсімдіктерді қорғау мақсатында табиғи процестерді мақ-
сатты түрде пайдаланады:
- Жүгері откөбелегіне қарсы трихограмма сияқты жыртқыштар немесе паразит-
тер ретінде ауруларды тудырушылармен күресетін
арнайы өсірілген жәндіктерді
пайдалану
;
- Ауру тудырушыларды ғана жеңетін
вирустар, бактериялар мен саңырау-
құлақтарды
суда тарату;
-
Көбеймейтін аталық зиянкес жәндіктерді босату
(зарарсыздандыру техни-
касы) олардың көбеюіне жол бермейді. Бұл процесс жылыжайларға өте ыңғайлы.
Биотехникалық шаралар
зинкестерді еліктіретін заттардың (феромондардың),
үркітетін заттардың (репелленттер) және зиянкестердің көбеюін тоқтататын зат-
тардың әсеріне негізделген. Егістіктерді басқа зиянкестер мен ауруларға қарсы
химиялық заттар мен биологиялық тәсілдер бір мезгілде қатар өңделсе, оң нәтиже
бермейді.
Химиялық тәсілдер.
Химиялық қорғаныс заттарды қолданбас бұрын ар-
тықшылығы мен тәуекелдерді бағалау қажет. Сондықтан да өсімдіктерді барлық
егін-өсімдік шаруашылығы шаралары ретінде бірлесе қорғау химиялық тәсіл-
дердің қолданылуын шектейді.
Достарыңызбен бөлісу: |