«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет88/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   196
Байланысты:
edu kk

Жылыжайдың микроклиматы
– жылыжай ішіндегі барлық климаттық көрсет-
кіштердің жиынтығы: температура, ылғалдылық, жарықтандыру және т.б. Бұл – 
жылыжайдың ауа райы
.
Жылыжай микроклиматының сипаттамасы:
• ішкі ауа температурасы сырттағыға қарағанда жоғары болады;
жылыжайдағы топырақ қатпайды;
• сырттағы топыраққа қарағанда жылыжайдағы топырақтың температурасы 
жоғары болады;
• өсімдіктерге жететін жарық мөлшері азаяды (көп жағдайда бұл көрсеткіш 
таңдалған материалға байланысты); Көптеген дақылдардың жеткілікті пісіп-жетілуі 
үшін көп уақыт керек.


109
• жылыжайға жарық толық түспейді;
• өсімдіктерге жел тимейді; 
• қоршаған ортамен ауа алмасу азаяды (CO2 болмауы мүмкін);
• жаңбырдан толықтай қорғау және жасанды суды енгізу қажеттілігі;
• зиянды да, пайдалы да жәндіктер өсімдіктерге жолай алмайды;
• зиянды жәндіктер жылыжайға кіргенде олар өте қарқынды дами алады, се-
бебі жылыжайдағы жағдай қолайлы;
• ауаның ылғалдылығы өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктен де жоғары 
болады;
• жылыжайдағы ауада оттегі көп.
Көшет өсіру
Дақылдардың өнімін ерте алу үшін көшет қолданылады.
Жылыжайда және парникте көшет өсіру ашық жерде қолайлы жағдай туғанға 
дейін басталады. Жылыжайда қызанақ пен қияр өсіру үшін тек көшет әдісі қолда-
нылады. 
Көшеттерді өз мақсатыңа немесе сату үшін өсіруге болады. Бақша өсіретін-
дердің көбі көшеттерді сатып алады, сондықтан көшет өсіру бизнесі ауылдарда 
коммерциялық тұрғыдан бағалы.
Өсіретін көшеттердің орны өте мұқият таңдалуы керек. 
Көшеттерді белгілі 
бір жағдайларда сақтау мүмкіндігінен оның сапасы тікелей байланысты болады. 
Көшет егілетін жерге қойылатын негізгі талаптар:
• Жақсы жарық. Күндізгі жарықтың ұзақтығын арттыру үшін көшеттерді қо-
сымша жасанды жарықтандыру қажет болуы мүмкін, бірақ күн сәулесі жақсы және 
оның барлық артықшылықтарын барынша пайдалану керек. 
• Температураны бақылау мүмкіндігі. Көшеттерді өсіру кезінде температураны 
қажетті деңгейде ұстап, күндіз және түнде температура айырмашылығын қамтама-
сыз ету керек. Түнде температура төмен болуы керек.
• Көшеттер тікелей тұқымнан егу немесе екпе көшеттерді сирек отырғызу 
арқылы өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет