105
Егер көшетті өз қажетіңізге ғана өсірсеңіз, алдын ала санын анықтап алу ке-
рек. Төменде ашық топырақтың 10м
2
ауданына қанша көшет отырғызуға болатыны
келтірілген:
- ерте пісетін және гүлді қырыққабат – 50 дана;
- қалыпты (орташа мерзімде) пісетін қырыққабат – 40 дана;
- кеш пісетін қырыққабат – 20 дана;
- баклажан – 40…50 дана;
- бұрыш 60…70 дана;
- кәді мен патиссон (самсар) – 12 дана;
- биік өсетін помидор – 20 дана;
- төмен өсетін помидор – 40…50 дана.
Сондай-ақ 10…15% шамасында артық алу қажет.
Көшет мұқият күтімді қажет етеді.
ЖЫЛЫЖАЙ КҮНТІЗБЕСІ
Қаңтарда
• Қаңтар айында жыл он екі айда атқарылатын жұмыс жоспары түзіледі. Қай
мезгілде қандай дақыл егілетіндігі анықталады.
• Қызанақ көшеттері егіледі.
• Пияз, шалқан, балдыркөк, ақжелкен отырғызылады.
• Желтоқсан айында отырғызылған қиярды жүйектеп, суарып, қоректендіреді.
• Айдың соңында бірінші парниктер жасақталады.
• Тыңайтқыштар әзірленеді.
Ақпанда
• Қияр дақылына күтіп-баптау шаралары жүргізіледі (ылғалдылығын сақтау,
гүлдерін тозаңдандыру, ауаны көміртегімен байыту, өсімдіктерді қоректен-
діру)
• Алғашқы қияр өнімі жиналады.
• Қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан, қырыққабат көшеттері отырғызылады.
• Қаңтар айында отырғызылған өсімдіктерді күтіп-баптау шаралары жүр-
гізіледі.
• Тыңайтқыштар дайындау бойынша қаңтар айында басталған жұмыстар
жалғастырылады.
• Дақылдарды ашық топырақта өсіру жоспарланады.
Достарыңызбен бөлісу: