«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет92/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   196
Байланысты:
edu kk

4. Әулиета тұқымы
Әулиета тұқымы жергілікті қазақ және қырғыз сиырын голланд малымен бу-
дандастыру жолымен алынған. Қазақстанның оңтүстігіңде кеңінен тараған. Басқа 
тұқымдармен салыстырғанда, ыстық ауа райы мен бірқатар ауруларға (приплаз-
моз, тейлериоз және т.б.) төзімді келеді. Түсі негізінен қара ала. Алты айлықтары 
160-170 килограммға дейін жетеді. Сүт беруі – 2500-3000 кг, сүтінің майлылыгы 
– 3,9-4,1%. 
СҮТТІ
-
ЕТТІ БАҒЫТТАҒЫ СИЫРЛАР: 
1. Алатау тұқымы
Алатау сиыры – 20-ғасырдың ортасында Қазақстан мен Қырғызстан шекара-
сында Швейцариядан әкелінген бұқаларды қырғыз-қазақ сиырларымен будан-
дастыру арқылы өмірге келген. Олардың салмағы аз болады, бұқалары 900 кг-ға 
дейін, ал сиырлары бес жүзге дейін жетеді. Олардың сүйегі мықты, сыртқы түрі үй-
лесімді, бұлшық еттері дамыған. Сүті маңызына байланысты ерекшеленеді, әдетте, 
4 тоннаға дейін сүт алуға болады, сүтінің майлылығы 4 пайызға дейін жетуі мүмкін. 


113
Мұндай майлылық салмағы 600 кг-ға дейінгі сиырларда болады. Жылына 10 тонна 
сүт беретін жағдайлар да тіркелді.
Сонымен қатар Алатау тұқымы жақсы ет те береді. Сиырлардың салмағы 600 
кг-ға дейін, бұқалардың салмағы сегіз жүзден 1 тоннаға дейін жетеді. Пішілген жас 
бұқалар көп салмақ жинай алады. Сойылған малдың жартысынан астамы сапалы 
ет, бордақылаудан кейін 60 пайыздан асады.
2. Симменталь тұқымы
Сиырдың бұл түрі 5-ғасырда Швейцарияда өсірілді, шыққан жері белгісіз, тек 
әртүрлі жорамалдар бар. Бұл тұқымды бұқаларды қолда баққанда күніне 900-
1100 грамм салмақ қосады және тірідей салмағын бір тоннаға оңай толтырады. 
Сауын кезінде сүт өнімділігі 4-тен 5,5 мың кг-ға дейін, майлылығы 4%-ды құрайды. 
3. Швиц тұқымы 
Бұл сиырлар 14-ғасырда Швейцарияда өсірілді. Сүтті-етті сиырлардың тірі сал-
мағы 600 кг дейін, ал етті түрінде – 700 кг-ға дейін. Бұқалардың салмағы 1200 
кг-ға дейін жетеді. Сауын сиырлардың салмағы – орта есеппен 4500 кг, ұзақ уақыт 
сүт беруімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет