«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


ЕТ ӨНІМІН БЕРЕТІН СИЫРЛАР



Pdf көрінісі
бет93/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   196
Байланысты:
edu kk

ЕТ ӨНІМІН БЕРЕТІН СИЫРЛАР: 
1. Қазақтың ақбас сиыры. 
Қазақстан аумағында және Ресейдің оңтүстік шығыс 
бөлігінде өсірілген. Дене тұрқы мен түсі жағынан герефорд сиырына ұқсас. Бор-
дақыланған бұқашықтардың салмағы 900 кг дейін жетеді, ал сойғандағы еті 60 
пен 80 пайыз аралығында. Сиырлары сүттілігімен ерекшеленеді, 1500 кг дейін сүт 
алуға болады. Майлылығы жоғары, 2000 кг-нан астам сүт алынған жағдайлар да 
кездеседі.
2. Абердин-ангус тұқымы. 
Бұл тұқым Шотландияның солтүстік шығыс бөлігінде 
жергілікті малмен будандастыру арқылы алынған. Бұқаларының тірідей салмағы 
950 кг дейін жетеді. Бордақыдағы бұқашықтардың тәулігіне қосатын орташа сал-
мағы 1 кг. Сүйектері жіңішке, сондықтан да тұтас етінің салмағынан 17%-дан ас-
пайды. 
3. Әулиекөл тұқымы. 
Әулиекөлдің етті тұқымы нағыз қазақ бренді болып та-
былады, бүгінгі күні ол Қазақстанда өсірудің жергілікті жағдайларына толығымен 
бейімделген. Әулиекөл тұқымы республиканың Қостанай облысында «Москалев-
ский» МАЗ-да 1992 жылы бекітілді. Әулиекөл тұқымының әлеуеті зор, ол жақсы 
дамып, тұрақты табыс әкелуде. Әулиекөл тұқымы әлемге белгілі Абердин-ангус 
және Шароле етті тұқымдарымен Қазақтың ақ бас сиырын будандастыру арқылы 
пайда болған. Әулиекөл сиырлары мен бұқалары ақсұр түсті, бұзаулары да сұр 
түсті болады. Мал өсірушілер ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес ке-
летін ет алуды мақсат етіп қойған. Әдетте, ет бөлек, май бөлек орналасса, Әулиекөл 
тұқымы май талшықтардың арасында орналасқан «мәрмәр» етті болады. Арнайы 
етті бағыттағы Әулиекөл тұқымы тез өсетінімен, сапалы ет берумен, жергілікті ауа 
райына бейімделуімен ерекшеленеді. Әулиекөл сиырларының негізгі тараған ай-
мағы – солтүстік өңірлер мен Қазақстан Республикасының оңтүстік шығыс бөлігі.
4. Санта-гертруда тұқымы.
Малдың бұл түрі ашық және қою қызыл түсті болып 
келеді. Қарынның төменгі бөлігінде ақ дақтары болады. Бұқаларының жотасында 
дөңес болады. Санта-Гертруданың денесі ірі және әукесі үлкен, сондай-ақ құйрық 
жағы ұзынша келіп, аздап төмен түскен, көкірегі ойық келеді. Тұяқтары құрғақ әрі 


114
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ


115


116
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
мықты, түсі қара. Құлақтары салбыраңқы, арқасы тік, мойнының терісі жұқа. Сиы-
рлар қан сорғыш жәндіктердің шаққанынан сирек ауырады, олардың қан арқылы 
жұғатын паразиттік ауруларға иммунитеттері жоғары, бұл өте маңызды. Ыстық кли-
матқа төзімді (отыз немесе одан да жоғары температураға). Сондай-ақ кез келген 
жергілікті жағдайларға төзімді. Ересек сиырлардың тірі салмағы: 560 кг-дан 620 
килограмға дейін және ересек бұқалардың тірі салмағы: 830 кг-дан 1100 кило-
грамға дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет