5.Шароле тұқымы.
Сиырдың бұл түрі 17-ғасырдан бастап Францияда өсіріле
бестады. Бұқаларының тірілей салмағы 900-ден 1700 кг-ге дейін, сиырларының
салмағы 700-1000 кг арасында болады. Бұзаулары туған кезінде 70 кг-ге дейін
салмақ тартады.
6. Қалмақ сиыры.
Тұқымның пайда болуында ортақ пікір жоқ. Үндістан мал-
дарымен немесе азиялық турлармен будандастырылған. Әдетте, жануарлардың
түсі қызыл, әртүрлі реңкте, арқасы, басы ақ болуы да мүмкін. Бір жарым жасар
бұқашықтар 450 кг-ге дейін салмақ жинайды, тірілей салмағы 66% құрайды, бұл
ірі қара малдың басқа тұқымдарына қарағанда жоғары. Бұқаларының салмағы
800-900 кг дейін жетеді.
7. Обрак тұқымы.
Обрак тұқымы Францияда пайда болған. Әрі ет беретін, әрі
сүт беретін, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарына да жарайтын әм-
бебап тұқым. Біздің заманымызда Обрак тұқымының ет беретініне басымдық
беріледі. Ересек сиырдың биіктігі – 130 см. Салмағы – 550-750 кг. Ересек бұқаның
салмағы – 850-1100 кг, бұқашықтардың туылған кездегі салмағы – 39 кг. 16-20
айлық сойыс малы 63%-ды құрайды. Сауын сиырлар жақсы сүт береді, тез көбейеді
(келесі бұзаулаудың арасы – 362 күн).
8. Галловей сиыры.
Шотландияның жергілікті жерінде өсірілген және бұрынғы
КСРО аумағында таралды. Бордақыдағы бұқашықтардың тәулігіне қосатын орташа
салмағы 800-1000 грамм, ал тірідей салмағы 900 килограмға дейін жетеді. Май
жасушаларының көптігіне байланысты бұлшықет тіндерінің меншікті салмағы аз
болып келеді. Етті ірі қара малдың кең таралған түрлері – Шароле мен Санта-гер-
труда.
9. Лимузин тұқымы.
Лимузин сиыры Франция провинциясынан шыққан. Туған
кездегі тірілей салмағы 40 кг-ге дейін тартады және күніне 1,3 кг-ге дейін салмақ
қосады. Бұқалары 1200 кг-ге дейін, ал сиырлар 700 кг-ге дейін салмақ тартады.
Бұл тұқымдағы сиырлар майда болып келеді, бұзаулары 20-дан 30 кг-ге дейін сал-
мақта, ең жоғарысы 40 кг-ге дейін туылады. Бұл сойыс кезінде жас малдың етінің
мол болуына мүмкіндік береді. Лимузиндердің тағы бір артықшылығы – тез өсетін-
дігі, тәулігіне орташа есеппен салмағы 1 кг-ден асады. Олардың жоғары қарқында
тез өсуі жүйелі азықтандыруға байланысты, ол 12-14 айлық бұқалардың тірі сал-
мағының 500 кг жетуіне мүмкіндік береді. Тайыншалары жай өседі, олардың күндік
салмағы 800 граммнан аспайды, 15 айлық тайыншалар 400 кг салмақ жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: |