Айыптау мен ақталу
Профессор Құдайберген Жұбановтың өмірі мен қызметіне қатысты
деректі ғұмырнамалық еңбек жазған К.Кенжебаев пен Ә.Оралбайдың
деректеріне сүйенсек, Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі Қ.Жұбановтың ісі
«В двух томах» деп көрсетілгенімен, ақырғы құжатына дейін онша қалың
емес, шамамен 230 мәшіңкелік парақтай көлемде, 1-том шамасында.
«Дело №11020 по обвинению Джубанова X. по ст.58, п.п. 2, 8, 9 и II УК
РСФСР» деген атының өзі кімнің болса да жүрегін шымырлатпай қоймас.
Зерттеуші Т.Бейісқұлов Бейімбет Майлин ісінің нөмірі 11020-сыншы
болғанын жазған-ды. Соған қарағанда, бұлардың ісі бір ортақ нөмірмен
таңбаланған сияқты. Мұқабаның бетінде кездесетін басқа да нөмірлердің
ішіндегі маңыздыларының бірі – «Архивно-следственное дело №955387»
деген жазу тәрізді. Сондай-ақ «том №1», «начато 19 ноября 1937г., окончено
23 декабря 1937г.» деп жазылған. Сонда «халық жауы» деп әшкерелеп, атып
жіберуге бір айдан сәл-ақ астам уақыт жеткілікті болғаны ма?!
Істегі алғашқы «Справка на арест Жубанова Худайбергена» деп
аталатын анықтамаға Қазақстанның Ішкі істер халық комиссариаты
мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының бөлім бастығы Катков қол қойған.
1937 жылдың 15 қарашасындағы бұл құжатта былай делінген: «Достаточно
изобличается в том, что является членом антисоветской националистической
организации, связанной с троцкистами и правыми. Активно ведет
антисоветскую националистическую работу. Необходимо Жубанова X.
арестовать и привлечь к судебной ответственности по ст. 58-10-11 УК
РСФСР».
Мұны
18
қарашадаҚазКСРІшкіістерхалықкомиссарыныңорынбасары,
мемлекеттікқауіпсіздік майоры Володьзко бекіткен. Сөйтіп, лейтенант
Катков пен майор Володьзконың «ұйғарымымен» қазақтың біртуар
ғалымының тағдыры шырғалаңға түсті.
Ертеңіне, яғни 19 қарашада мемлекеттік қауіпсіздік сержанты
Хамидуллинге Қ.Жұбановты тінтіп, қамауға алуға №1022 ордер беріледі. Бұл
ордерде профессор Қ.Жұбановтың Красин көшесіндегі 47-үйде тұратындығы
40
жазылған. Ордердің төменгі жағындағы «Оқыдым» деген жерге Қ.Жұбанов
қол қойған.
19 қарашадағы «Тінту жүргізу протоколын» да Хамидуллин толтырған.
Максимова
дегенніңқатысуыменмыназаттардыңәкетугеалынғандығыжайында жазылады:
1.
№106454 паспорт.
2.
№0733638 кандидаттық партбилет.
3.
№597 кәсіподақ билет.
4.
№74 Қаз ЦИК мүшелік билет.
5.
№1147 кәсіподақ билет.
6.
«КСР 15 жылдығы» белгісін тағып жүруге берілген №9273
куәлік.
7.
«КСР 15 жылдығы» белгісі.
8.
Қаз ЦИК мүшелігінің белгісі.
9. Әр түрлі кітаптар – 3 дана.
10.Жалпы дәптерлер мен қойын кітапшалар – 5 дана.
11.Жазулары бар оқушы дәптерлері – 12 дана.
12. Әртүрлі қолжазбалар мен хаттар – бір бума.
13.Фотосуреттер – 13 дана.
14. Бір әуе винтовкасы.
Қ.Жұбанов тұтқындалғаннан кейінгі алғашқы құжат «Тұтқынның
сауалнамасы» келесі күні толтырылған. Қ.Жұбановтың айтуымен жазылған
бұл сауалнаманы кейінірек тергеуді жүргізген Мавлютов толтырған сияқты.
Олай дейтініміз сауалнаманың соңына қолы қойылған да, фамилиясын
жазуды «ұмытып кеткен». Сауалнаманың соңына Қ.Жұбанов қол қойған.
Аты-жөні жазылғаннан кейін Қ.Жұбановтың туған жылы ғана керсетілген.
Күні бос қалдырылған. Туған жері ретінде «Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы,
№9 ауыл» деп көрсетілген. «Тұрғылықты жері» ордердегі дерекке сәйкес
келеді. Жұмыс істейтін жері «Ғылым академиясының филиалы және Қазақ
педагогикалық институты» деп көрсетілген. Сосын «профессор-тілші» деп
қосылған, «ғылыми қызметкер» екендігі жазылған. Сауалнаманың «барлық
мүлкін (құрылыс, ауыл-шаруашылығы құрал-саймандары, өндейтін жердің
көлемі, мал саны, салық мөлшері)» деген бағанаға «ештеңе жоқ» деп
көрсетілген. Әлеуметтік жағдайын 1917 жылға дейін «орта шаруашылық»,
1929 жылға дейін «қызметкер», қамауға алынған сәтіндегісін «қызметкер»
деп көрсетіпті.
Сауалнамадағы «патша әскеріндегі қызметі», «ақтар әскеріндегі
қызметі», «Қызыл Армиядағы қызметі» деген бағанадардың барлығына
«қызмет еткенім жоқ» деп жауап берілген. «Шыққан әлеуметтік тегі» дегенге
«орта шаруа» деп жазылған. «Саяси өткендегісі» деген бағанаға «жоқ» деген
жауап жазылған. «Партиялылығы» деген бағанада «1930 жылдан КП (б)К
мүшесі, осы іс бойынша тұтқындалуына байланысты шығарылды» деп
көрсетілген. Білімі «жоғары» делінген. 1923 жылы сотталғандығы да
сауалнамадан көрініс тапқан.
41
«Семья құрамы» деген бағанада әйелінің шешесі Жаңылсын
Әлімбетова – 61 жаста, әйелі Раушан – 38 жаста, қызы Мүслима – 13 жаста,
ұлы Ақырап – 11 жаста, ұлы Есет – 9 жаста, қызы Қызғалдақ – 4 жаста, қызы
Қырмызы – 2 жаста деп көрсетілген де, соңғы ұлы туралы «есімін білмеймін»
деп жазылған (5).
Құдайберген Жұбановтың тағдыр-талайына әсер еткен «Постановление
об избрании меры пресечения и предъявления обвинения» атты құжатты
НКВД-нің 4-бөлімі 7-бөлімшесінің оперативтік уәкілі, мемлекеттік
қауіпсіздік кіші лейтенанты Садықов 15 қараша күні, яғни қамауға
алынардан
бірнеше
күн
бұрын
дайындаған.
Мұнда
мынадайқаулышығарылған: «гр. Жубанова X. привлечь в качестве
обвиняемого по ст.58-10-11 и 13 УК, мерой пресечения способов уклонения
от следствия и суда избрать содержание под стражей в следственной тюрьме
НКВД КССР». Құжатқа 7-бөлімшеніңбастығы, мемлекеттікқауіпсіздік
лейтенанты Катков «келісемін» депқолқойған. Бұлқаулыны 18 қарашада
ҚазКСРІшкіістерхалықкомиссарыныңорынбасары,
мемлекеттіккауіпсіздік
майоры Володьзко бекіткен. Қ.Жұбановмұнымен 20 қарашадатанысады. Осы
Құжатта 13-тармақ мәшіңкеге басылған жазуға қолмен қосылған.
Әлдемәшіңкегебасқанадамұмытқалдырған
(солкездегіқырағылықпенбұлмүмкінемессияқты),
әлдеістіңмаңыздылығынкүшейтуүшінтергеушіәдейіқосқансыңайлы.
Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасы 7-бөлімшесінің бастығы,
лейтенант Катков 19 желтоқсанда, яғни қамауға алынғанына бір ай болғанда
Қ.Жұбановтың жеке кітапханасына қатысты арнайы қаулы шығарады: «Все
книги, принадлежащие обвиняемому Джубанову X. изъять и сдать на
хранение в комендатуру НКВД КССР, до решения суда о конфискации
имущества».
Тергеу бітіп, соңғы қаулы шығарылған күні «Медицинская справка»
толтырылған. Ондабылайделінген: «Мною, врачом следственной тюрьмы
Русиной, произведен медосмотр содержащего под стражей в следственной
тюрьме заключенного Джубанова X., причем найдено сист. шум на
верхушке. Практически здоров». 23 желтоқсанда жазылған бұл анықтамаға
дәрігер Русина қол қойған.
Істегі негізгі құжаттардың бірі «Протокол допроса»болып табылады.
Осындай үш хаттама бар. Алғашқысы, іле-шала 20 қарашада алынғаны –
қысқа. Қалған екеуі – ұзақ. Біріншісі бір ғана сұрақпен бір ғана жауаптан
тұрады. Алғашқы жауап алған – 4-бөлімнің оперативтік уәкілі Мавлютов.
«Сіз, Жұбанов, советке қарсы ұлтшылдық ұйымға қатысыңыз бар, оның
тапсырмасы бойынша советке қарсы астыртын жұмыс жүргіздіңіз деп
айыпталасыз. Мұнда өзіңізді кінәлі деп мойындайсыз ба?» – деген сауал
қойылады. Мәшіңкеге басылған жазбадан Қ.Жұбанов кеңес өкіметін күшпен
құлатуды, Қазақстанды КСРО-дан бөліп алуды және Қазақстанда
буржуазиялық-демократиялық мемлекет орнатуды міндет етіп қойған
ұлтшыл ұйымның белсенді қатысушысы болып шығады. Құжаттың соңына
42
«Менің сөзімнен дұрыс жазылды» деп Құдайберген Қуанұлы өз қолын
қойған. Бұл қорлау мен азаптаудың түр-түрін көргендіктің, жаны
күйзелгендіктің әсері деп білеміз. Тіпті 20 қараша деп кейінгі датамен
көрсете салуы да мүмкін.
Істегі екінші тергеудің 30 қарашадағы тергеу хаттамасының әуелгі
бірінші нұсқасы мәшіңкемен – 28 бет, қасында қолмен жазылған нұсқасы да
бар. Мәшіңкеге басылғанына бет сайын астына Құдайберген Қуанұлының
қолы қойылғанымен, 13, 14, 15-беттерде Қ.Жұбановтың қолы жоқ. Ал кейбір
беттердегі бірер сөздерге түзету беріліп, «верить» деп жазылып, Құдайберген
Қуанұлы қол қойған. Ең соңында Қ.Жұбанов өз қолымен «
Достарыңызбен бөлісу: |