17
кеңсе қызметкері болуға емес, шын мәнінде жаңа қоғамның отты, ойлы
мүшесі, халықтың ағартушысы болуға ұмтылады. Ол күнделікті өмірге
ісімен, сөзімен араласады.
Темірде Құдайберген Жұбанов тындырған шаруалардың бір парасы хат
танымайтындарды сауаттандыруға байланысты. Қазақ АКСР Орталық
Атқару комитетінің халықты жаппай сауаттандыру
жорығын өткізу туралы
қаулысы жарияланған тұс еді. Бұл мәселе аса маңызды да шұғыл шара
саналған. Қайраткер осы жорыққа ерекше белсене араласады. Оқу жылы
аяқталысымен уездің оң жақ еңіріндегі Жем-Байсара болысын, Темір
өзенінің төменгі ағысындағы Темір-Орқаш болысының ауылдарын аралап
қайтуға елге шығады. Сол кезде уездік жұмысшы-батырақ
қызметкерлері
одағының уәкілі болып қызмет атқарған Хайрулла Меңдібаевтың айтуынша,
Құдайберген Қуанұлы әрбір мектепте екі-үш күн болып, мектептердегі
жұмыс қорытындыларымен, сабақ беру тәжірибесімен жақынырақ танысқан.
Мұғалімдерге оқыту сапасын жақсарту жөнінде ақыл-кеңестерін берген. Ол
сауатсыздарды оқыту ісіне ерекше көңіл бөлді. Қалаға арнайы адамдар
жібертіп, сауатсыздарды оқытатын мектептерге қалам, қарындаш, дәптерлер
алдырады.
1925 жылы Қ.Жұбанов Ақтөбе қаласының губерниялық халық ағарту
органында методикалық инспектор болып істейді. Сонымен қатар
педтехникумда сабақ береді. Сол кезде Ақтөбе губерниясы халық ағарту
бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып
істеген Қазақ КСР-ның еңбек
сіңірген мұғалімі В.Решетняк Қ.Жұбанов туралы былай дейді: «Орыс
мектебінің методисі болып істеген Прокопий Кобой дегенді тәртібінің
нашарлығы, мінезінің дөрекілігі үшін жұмыстан шығарып жібергеніміз әлі
күнге есімде. Ол жылдарда оның орнын баса қойғандай методисті қазақ түгіл
орыс мамандары арасынан таба қою оңай болмайтын. Бізді бұл
қиыншылықтан құтқарған Құдайберген болды. Ол орыс мектептерінің
методисі қызметін уақытша өз жұмысымен қоса атқара тұрсам,
қалай
қарайсың дегенді. Өзі келіп айтты. Және де бұл жұмысқа мені сынақ
мерзіммен алыңыздар дегенді өз аузымен айтқанын әлі ұмытқан жоқпын.
Алайда Құдайбергенді сыннан өткізудің бізге қажеті бола қойған жоқ.
Өйткені түу дегеннен-ақ ол осы екі бірдей жауапты жұмысты мүлтіксіз
атқарып, зор қабілеттілік танытқан еді. Бәрін де еш қиналмастан-ақ атқара
білді» (10). Тіс қаққан, мол тәжірибелі шенеуніктің назарын өзіне аудартқан
жігерлі жастың білімділігі мен еңбекқорлығы болатын.
В.Решетняктың айтуына сүйенсек, Құдайберген Қуанұлы сол кездің
өзінде-ақ неміс, ағылшын, француз тілдерін үйренуге бар ынта-жігерін сала
кіріскен. Алдымен ол бұл тілдерден сабақты қала мұғалімдерінен үйреніпті
де, кейін өз бетімен оқып жаттыға бастапты. Осы жылдарда ол
И.П.Павловтың, В.М.Бехтеровтың т.б. ғалымдардың еңбектерімен танысып,
бар
ынтасын психология, педагогика, логика, рефлексология пәндерін
тереңірек білуге ерекше ден қояды. Мәскеудің, Қазанның, Бакудің,
Тәшкеннің,
Петербордың
Е.Д.Поливанов,
В.А.Богородицкий,