190
Дегенмен бұл қазақ тілінде кішірейткіш жұрнақтардың еркелету
семантикасы жоқ деген сөз емес, мәселен,
Асқар – Асқаржан, Көбей –
Көбейжан, Алмас – Алмастай
және т.б. Бұл есімдердің кішірейткіш
формалары дербес құжаттық есім болуы ықтимал, алайда оны нақтылайтын,
Қ.Жұбановтың сөзімен қайталап айтсақ, «...
мұндай ұқсас сөздердің
басқалығы сол есім иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан айқындалады
».
«
Қазақта бір кісінің баласы екендігін көрсететін ұқсастық
көріністері де бар. Оларды ұйқас аттар дейміз
(
Опа – Сапа, Шамғали –
Мұфтиғали
).
Бұл түбірлестігін көргеннен емес, лексика жағының түбірін
жақындату емес, ұйқастығын жақындату жолымен ғана жасалған
(
Опа
–
берік
,
Сапа
–
қызық
).
Сондықтан жоғарыдағыларды ұқсас ету үшін
аллитерация, ассонанстар шыққан
».
Көпбалалы қазақ отбасыларына балаларына ұйқас ат беру қазіргі
ұлттық ономастикалық кеңістікте кең тараған үрдіс. Бұлай дейтініміз, ұл
балалары
мен
қыз
балаларының
есімдері
ұйқас
болып
келуі
антропонимиямыздың ұлттық ерекшелігі, мысалы:
Айжамал, Ақжамал,
Гүлжамал, Нұржамал
немесе
Қызжібек, Гүлжібек, Талжібек
және т.б.
Ұлдардың есімдерінде бірінші немесе екінші компоненті ұйқас болып келуі:
Ермахан, Нұрмахан, Құлмахан, Әбиболла, Ғарифолла, Нұрлан, Нұржан,
Нұрәділ, Нұрахмет, Нұрәлі, Әлинұр, Әлижан
және т.б.
Жалпы, проф. Қ.Жұбанов қазақ ономастиканың ішінде негізінен адам
аттарын
(антропонимдерді),
сондай-ақ
географиялық
атауларды
(топонимдерді және т.б.), мифонимдерді этномәдени, этнопсихологиялық
тұрғыдан қарастырып, терең талдаулар жасаған, қажет деп тапқан тұстарда
басқа тілдердің деректерімен салыстыра-салғастыра отырып егжей-тегжейлі
түсіндіріп берген.
Достарыңызбен бөлісу: