4. Қ.Жұбанов еңбектерінің әлеуметтік лингвистикалық сипаты
Проф. Қ.Жұбановтың еңбектерін мұқият зерделей келгенде, қазақ тіл
білімінің ішіндегі жаңа, алайда кенже қалып келе жатқан салалардың бірі –
әлеуметтік лингвистикаға қатысты алғашқы теориялық көзқарастар мен
тұжырымдар бұл ілімнің кеңестік кезеңі қалыптаспастан көп уақыт бұрын
бой көрсеткендігін аңғарамыз. Ең алдымен, әлеуметтік лингвистика
тұрғысындағы көзқарастар мен тұжырымдардың ғалым еңбегінен орын алу
себебі – оның шын мәніндегі
әлеуметтанушы
болғандығында және тіл
198
проблемасын әлеуметтану мен лингвистиканың тоғысқан жерінде шеше
білген маман болғандығында десек ешкім дау шығара қоймас.
Қ.Жұбанов дәстүрлі лингвистиканың мәселелерімен айналысу барысында
тілдің даму проблемаларын әлеуметтік лингвистика елегінен өткізе
қарастырып, тілдің дамуы мен әлеуметтік ахуалдың өзара байланысы екі
түрлі жолмен жүзеге асатындығына көңіл бөлген: бір жағынан, тіл қоғамның
ықпалына ұшырайды; екіншіден – тілдік жағдайдың өзгеруі әлеуметтің
тұрмыс-тіршілігіне ықпал етпей тұрмайды.
Ғалым жекелеген сөздердің шығу төркінін лингвистикалық және
экстралингвистикалық заңдылықтарды ескере отырып талдайды. Ол сөздік
қор мен мағыналық өзгерістерді, тілдің грамматикалық құрылымын
мәдениетаралық қарым-қатынастармен, этностың экономикалық, әлеуметтік
өмірімен, қоғамдық сананың нормаларымен шарттас болатындығын үнемі
ескертіп отырған.
Проф. Қ.Жұбановтың ғылыми көзқарасы бойынша, тіл – өз алдына
дербес, қоғамға тәуелсіз құбылыс емес, адамның қарым-қатынас
тәжірибесінің іс жүзіндегі қажеттілігінен туындайтын қоғамдық-тарихи
эволюцияның өнімі. Себебі тіл тарихы кездейсоқ және әр тараптағы
өзгерістердің стихиялық ағымы емес, қоғамдық-тарихи дамудың ретті
қозғалысымен тәртіптелген, төменгі сатылардан жоғары деңгейлерге
иерархиялық принциппен өрлеудің көрінісі. Тіл құрылысының қалыптасу
заңдылығы, жалпы алғанда, лексемалардың мағыналық өзгерісі тұрғысынан,
грамматикалық формалар мен категориялар диалектикасы бойынша, тілдік
тұлғалар арқылы берілетін ойлау динамикасының сатылай алмасуы туралы
қағидалар сипатында барлық тілдерге бірдей қызмет етеді.
Ғалымның «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» атты еңбегін нағыз
социологиялық очерк
десе де болғандай. Автор бұл еңбегінде «қазақ елінің
басын қосып, қонысын біріктіріп, ұлан-байтақ даланы шарлап көшкен
жұрттың ұлттық тілін бір арнаға тоғыстырып, бiр тектi мәдениет тұрғызған
жағдай Ресей патшалығының қол астына кіріп, соның билігіне мойын
ұсынған кез емес, одан бірнеше заман әрідегі кезең еді» деп түйеді. Қазіргі
түркі текті жұрттардың көпшілігін бір қазанда қайнатып, бір ұядан өрбіткен
Алтын Орда мәдениетінің іргесі шайқалғаннан кейін көптеген ру-
тайпалардың ұсақ-түйек халықтарға ыдырап кеткені мәлім. Егер жазба
тарихтың ауқымымен өлшесек, Қ.Жұбанов меңзеген тіл тұтастығының қазақ
қоғамында қалыптасу кезеңі сол заманға дөп келеді. Қазақ хандының
құрылуы да осы бір ірі тарихи оқиғаларлың жаңғырығы іспеттес. «
Басқасын
қойып, бiрлескен қоғамның iшкi қатынасының негiзгі айнасы болатын
тiлдi
алсақ
», – дейді Қ.Жұбанов жоғарыда аталған еңбегінде, – «
қазақ тiлiндегiдей
бiр өңкейлiктi, бiр қалыптылықты басқа тiлдерден сирек ұшыратамыз
».
Ғалым мұндай тіл бірлігінің ешқандай ұлтта кездеспейтіндігіне, «
қазақ
жеріндей ұшы-қиырсыз шалқыған кең даланы алып жатып, қалайша мұндай
тіл тұтастығын сақтай алды деген сұрауға таң қалмасқа болмайды
» деп,
бұл құбылыстың себебіне тереңнен үңіледі. Тілдегі тұтастық, бірөңділік
199
тұрмыста ұзаққа созылған тығыз қатынастың болғандығынан деп түсіндіреді
ол. «
Ондай тығыз қатынас болмаса, өзі сан алуан көп елден құралған бір
халықтың тілі мұншама бірікпеген болар еді
». Қысқасы, тіл тұтастығының
қалыптасуы – халықтың бір-бірімен етене тығыз қарым-қатынаста болуы,
Арқадан Сырға шейін, Еділден Алтайға дейін қыс қыстап, жаз жайлап, бір-
бірімен қыз алысып, қыз беріскен қазақ жұртшылығының емін-еркін кешкен
тірлігі. Бүгінгі әлеуметтану ғылымда аталған жәйт «этностың ақпараттық
тұтасымы» деп аталса керек.
Қ.Жұбанов ұлт тілінің өзгерістерін қоғам өмірінің өзгерістерімен
бірлікте қарастырады. Бұл ойымызды ғалымның өзін сөйлете отырып
дәлелдейік: «
Қазақ елін бір қылып, қонысын бірлестіріп, басын қосып, бір
тілмен сөйлетіп, біртекті мәдениет туғызған жағдай – патша Ресейіне
қараған дәуір емес. Бұл одан үш жүз жыл бұрын басталған болатын. Сол
үш жүз жылқазақ мәдениетінің ішкі ой-шұңқырын соншама тегістеген,
мәдениет қалпы жағынан соншама бірлестірген, бұған таңданбасқа
болмайды. Басқасын қойып, бірлескен қоғамның ішкі қатынасының негізгі
айнасы болатын тілді алсақ, қазақ тіліндегідей, бірөңкейлікті,
бірқалыптылықты басқа тілдерден өте сирек ұшыратуға болады
.
Достарыңызбен бөлісу: |