Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет132/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Қойына өлшеп қоpасын 
салмаған. Даяp қоpаға әкеп қамаған. Сондықтан, басқа тiлдеpге өлшеп 
салынған фоpма қоpасының түкпipлеpiнде бос қалған алаңдаp да болғаны 
сияқты, таpлық етiп, тоқты-тоpымның сыймай қалғаны да болған
», – 
деген пікірі тілді зерттеуде оның ұлттық сипатын негізге алу керек деген 
қағидатты тағы да нақтылай түседі. 
Қ.Жұбановтың пайымдауынша, тілдің қай деңгейінде болмасын, 
сақталған архаикалық элементтер әртүрлі даму, қалыптасудың тарихи 
кезеңін сипаттайды. Сондықтан ғалым жекелеген тілдік деректер тілдік 
дамудың қоғаммен, экономикамен, әлеуметтік құрылыспен, дүниетаныммен 
ортақ байланыста қарастырылуы тиіс деп санайды. Мысалы, ғалымның қазақ 
тіліндегі 
безгегі ұстады 
деген тіркесті түсіндіруіне сай ол танымның 
анимистік қана кезеңін ғана емес, дүниені космостық, микрокосмостық 
кезеңде қабылдау кезеңін бейнелейді (8, 402). 
Қазақ халқының өзіндік этникалық ерекшелігі – мал шаруашылығын 
кәсіп еткендігі. Қ.Жұбанов бір сөзінде «
қой шаруашылығының өсуі қой атын 
көбейткен
» дейді. Бұл – айқын этнолингвистикалық көзқарас, бұл тұста 
әңгіме лексиканың, дәлірек айтқанда, сөздік қордың байлығы – халық 
шаруашылығымен етене байланысты екендігінде. Лингвист өзінің алғашқы 
зерттеулерінде-ақ қазақ тіліндегі мағынасы мен құрамы көмескі элементтерді 
түсіндіру мақсатында малға қатысты айтылатын одағайлардың лексика-
грамматикалық тарихын ашуға тырысып, этногенетикалық мектептер мен 
глоттохронология үрдістерін басшылыққа алып, тіл білімінің этномәдени 
аспектісін кеңінен қамтыған. Тілдік фактілерді талдау барысында 
салыстырмалы-салғастырмалы әдісті аса білгірлікпен шебер қолданған ғалым 
түркі тілдеріндегі мал атауларының еркек-ұрғашылығына қарай ажыратылу 
сипатын түркі тілдерінің кең диапазонды қамтитын материалдары негізінде 
нақты дәйектемелер келтіре отырып түсіндіреді. Мысалы, 
еркек қой, еркек 
тоқты
құрылымындағы 
еркек
– анықтауыш. Ол анықталатын сөзден бұрын 
тұр. Осының әуел баста қандай болғандығын тексеру үшін мынадай талдау 
жасайды: 
«қошқар» деген сөздегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет